Организация управления в малокомплектных школах

  • Altynay Zhaitapova Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана
  • B. Almurzayeva Актюбинский региональный государственный университет
  • O. Shunkeyeva Актюбинский региональный государственный университет
  • Dana Nauryzalina Университет «Тұран»

Аннотация

Мақалада шағын-жинақты (ауылдық) мектептерді басқарудың мектепішілік мәселелері көрсетілген. Мақала авторларының «Интеграция сельских ресурсных центров и самостоятельных малокомплектных школ в единый образовательно-информационный технопарк (опорная школа на базе вуза)» («Ауылдық ресурстық орталықтар мен дербес шағын-жинақты мектептерді біртұтас білім беру және ақпараттық технопаркке (жоғары оқу орнына негізделген тірек мектеп) интеграцияландыру») тақырыбы бойынша жобалық зерттеулерінің нәтижелері берілген. Инновациялық менеджменттің заманауи теориясына негізделген мектептің тиімді қызметінің ерекше аспектері белгіленген. Аталған инновациялық менеджмент теориясы мектепті басқаруды әсер ету философиясынан өзара әрекеттесу, серіктестік және бұл үдерісте ұжымның барлық мүшелерінің максималды түрде қатысу философиясына ауысуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттегі шағын-жинақты мектептер торабы мен олардағы оқушылардың контингентінің жалпыланған талдауы берілген. Ауылдық алыс аймақтарда оқушылардың сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға қысқа мерзімді сабақтарды, аралық және қорытынды бақылауларды өткізу үшін білім беру ресурстар шоғырлайтын тірек мектептер (ресурстық орталықтар) қызметі қарастырылды. Австриялық әріптестерімен ынтымақтастық нәтижелері көрсетілген, негізінен ауылдық жерлерде орналасқан біздікі секілді шағын-жинақты мектептердегі жұмыс тәжірибесі сипатталған. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – авторлардың шағын-жинақты мектептерді басқарудың ғылыми-негізделген ұйымдастыруына қажетті мәлімет ұсынылды.Түйін сөздер: шағын жинақты мектеп, ресурстық орталық, білім менеджменті.
Опубликована
2017-08-20
Как цитировать
ZHAITAPOVA, Altynay et al. Организация управления в малокомплектных школах. Вестник КазНУ Серия Педагогическая, [S.l.], v. 51, n. 2, p. 50-59, aug. 2017. ISSN 2520-2650. Доступно на: <http://bulletin-pedagogic-sc.kaznu.kz/index.php/1-ped/article/view/423>. Дата доступа: 27 sep. 2017
Раздел
Менеджмент образования