Шеттілдік білім берудің цифрландыру жағдайында болашақ шетел тілін оқытушылардың кәсіби-коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.04

Аннотация

Шет тілін оқыту әдістемесін қайта қарау қажеттілігі дүниежүзілік коронавирустық індеттің
салдарынан туындады. Бұл өз кезегінде шет тілін оқытуды жаңа даму кезеңіне шығарып, онлайн
оқытуды басымдыққа айналдырды.
Біздің мақаланың өзектілігі білім емес, компетенция болып табылатын оқу процесінің түпкі
өнімімен анықталады. Бұл проблемаларды шешуге, ақпараттың шексіз ағынында бағдарлауға,
өмір ұсынатын баламалардан дұрыс жауаптарды табуға, әр адамның жеке даралығымен жұмыс
істеуде табиғат берген адами ресурстарды дамытуға, өз сүйікті ісіне шынайы қызығушылық
танытуға дайын болу және ғылымдағы соңғы әдістемелік жетістіктерге қызығушылық таныту,
мұның бәрі болашақ білімнің негізін қалады.
Зерттеудің мақсаты – зерттеудің тұжырымдамалық-әдістемелік негізін, білім беру
мазмұнының пәндік-процессуалдық аспектілерінің өзара байланысын негіздеу, алға қойылған
гипотезаны растау мақсатында ККК қалыптастыру әдістемесі бойынша эксперименттік
жұмыстарды жүргізу.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы жаттығулардың әзірленген типологиясымен
бірге әзірленген критериалды-белгілік көрсеткіштерді көрсететін кәсіби-коммуникативтік
компетенцияны кезең-кезеңімен қалыптастыру әдістемесін жасауда. Жасалған дидактикалық
материалдар қолданбалы өнім ретінде тілдік университетінің оқу процесінде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу әдістемесі 4 курс студенттеріне арналған «Арнайы мақсаттағы тіл» пәнінің
оқу бағдарламасына сәйкес Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ базасында эксперименттік
жұмыстарды жүргізуден тұрады. Барлығы 294 студент қатыстырылды, олар бақылау және
эксперименттік топтарға бекітілді.
Эксперимент бақылау және эксперименттік топтарын ауыспалы және өзгермейтін
жағдайлармен қамтамасыз ету жағдайында жүргізілді.
Эксперименттік және бақылау топтарының ауыспалы жағдайларына цифрлық технологиялар
арқылы кәсіби-коммуникативтік компетенцияны қалыптастыру әдістемесі анықталды.
Түйін сөздер: мұғалім, студент, компетенция, тәсіл, әдістеме, әдістемелік категория,
шеттілдік білім, технологиялар.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-04

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер