Cпособы развития компетентностной модели выпускника средней школы

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.08
        108 181

Аннотация

Ғылыми мақалада қазіргі білімдар ұрпақтың құзыреттілік моделін дамыту тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Білім беру жүйесін жетілдіру үшін қажетті құзыреттіліктер нақты беріледі. Авторлар білімді меңгеру нәтижесін бағалау керектігін атап көрсетіп, нәтиженің қорытындысы қанағаттанарлық болмаса, білім беру мазмұнына немесе мұғалім әрекетіне қайта оралу керектігін нақтылайды. Республикамыздағы Әдістемелік орталықтар арқылы тұлғаның сипатына жүргізілген сауалнама қорытындысы негізінде білімдар ұрпақтың бойынан табылуы керек құзыреттерді толыққанды сипаттап береді. Білім алушылардың білімін, машық, дағды, қабілеттерін дамытып, олардың қажетті құзыретке ие болуы үшін әр құзырет, машықты қандай пән, мазмұн, іс-әрекет арқылы қалыптастыратынын анықтаған. Мақала авторлары білім сапасын арттыру үшін бастауыш мектеп пен орта мектепті аяқтаған түлектің нақтыланған тұлғалық сапалары мен бағалау критерийлерін модельге түсіріп талдаған. Берілген ғылыми мақалада авторлар қазіргі білім сапасын жақсарту үшін орта мектепті бітірген түлектің нақтыланған тұлғалық сапасы мен білімін бағалау критерийлерін модельге түсіріп талдайды. Зерттеу жұмысының Қазақстандағы педагогикалық квалиметрия мәселелеріне арналуы оның ғылыми маңыздылығын, орта мектеп түлегінің құзыреттілік моделін бағалау өлшемшарттарын анықтауға арналуы практикалық маңыздылығын аңдатады.

Загрузки

Как цитировать

Dinayeva, B., Sagindikov, I., & Ubaydullayeva, G. (2022). Cпособы развития компетентностной модели выпускника средней школы. Вестник КазНУ. Серия педагогическая, 73(4), 88–96. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.08

Выпуск

Раздел

Оценка и измерение в образовании: отечественный и зарубежный опыт