Магистранттар арасындағы академиялық сауаттылықты анықтаудағы кейбір мәселелер

Авторлар

  • A. Mukhtarkhanova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. http://orcid.org/0000-0002-3256-9803
  • A. Nurlybay Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Қазақстан,Астана қ. http://orcid.org/0000-0002-9266-2612

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.02
        201 128

Аннотация

Академиялық сауаттылық – ғылыми ортада және пікірталастарда сындарлы тұжырымдар жасай білу, ғылыми нәтижелерді талқылау, бағалау және салыстыра білу, зерттеу саласына елеулі үлес қоса білу. Әдебиеттерге шолу жасау барысында авторлар академиялық сауаттылық тақырыбы бойынша отандық зерттеулердің жеткіліксіздігі мәселесін анықтады. Сонымен қатар, магистранттар арасында академиялық жазу дағдыларын дамытудың кейбір мәселелері анықталды. Мақалада магистранттардың академиялық сауаттылық деңгейін бағалау мақсатында эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Магистранттардың академиялық сауаттылығының жеткіліксіздігік себептерін анықтау үшін сұрақ-жауап әдісі қолданылды. Сауалнамаға Астана қаласынан 51 магистрант қатысты. Академиялық жазуды басқа жазу стильдерінен 52% магистранттар ажыратады. Студенттердің пікірінше, академиялық жазу білімінің нашарлығының себептері: «өскелең ұрпақтың ғылыми әдебиеттерді оқуға құлшынысының төмендігі», «білім алушылардың іздену: ақпаратты табу, таңдау және бағалау қабілеттерінің төмендігі», т.б. Магистранттардың өзін-өзі бағалауы бойынша академиялық жазу дағдылары «жақсы» - 3%, «қанағаттанарлық» - 37% деп бағалаған. Зерттеу нәтижелері бойынша магистратураға қабылдау үдерісіне және студенттерді ынталандыруға назар аудару бойынша ұсыныстар тұжырымдалған.
Түйін сөздер: академиялық сауаттылық деңгейі, магистранттар, академиялық жазу мәселелері, академиялық жазу дағдылары.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-18

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер