Цифрлық қоғам дәуіріндегі оқыту моделі: аралас оқытудың педагогикалық дизайны

Авторлар

  • S. Bakhisheva Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Қазақстан, Орал қ. http://orcid.org/0000-0003-3532-5705
  • R. Kinzhekova Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Қазақстан, Орал қ. http://orcid.org/0000-0001-7707-3484
  • A. Kemeshova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-4800-3732

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.06
        118 459

Аннотация

Мақалада білім беруді трансформациялау үдерісіне сәйкес жоғары оқу орындарына аралас оқытуды ендірудің  теориясы мен тәжірибесін зерделеу, оның тұжырымдамасын, дидактикалық және технологиялық тұтастығын қамтитын педагогикалық дизайнын анықтауға арналған эксперименттің бірінші кезеңі қорытындысы талданған. Аралас оқытуда дәстүрлі және қашықтан оқытудың біріктірілуін, қолданылатын технологиялары мен әдістерін, инновациялығын  талдауға арналған көптеген  еңбектерді зерделей отырып, авторлар оны студенттің білім алудағы белсенділігін, өзін -өзі реттеу, өз бетімен білім алуын қамтамасыз ететін педагогикалық тұрғыдан қарастыруды ұсынған. Осыған орай, цифрлық ресурстардың педагогикалық әлеуетін анықтау, білім беру  бағдарламалары мен оқу үдерісі құрылымын өзгерту, технологияландыру мәселелерін зерттеудің маңызы зор.

Зерттеудің әдіснамасы ретінде гуманитарлық, жүйелілік, пәнаралық байланыс, синергетикалық, құзыреттілік, рефлексиялық тұғырлары алынып, аралас оқыту дидактикасы туралы теориялық талдаулар жүргізілген. Зерттеу міндеттерін жүзеге асыруда пәнаралық тұрғыдан педагогика және ақпараттық- технологиялық салалар тоғысындағы еңбектерді зерделеу, салыстырмалы талдау, модельдеу, синтездеу  әдістері қолданылған. Эмпирикалық мәліметтерді жинау кезеңінде студенттер мен оқытушыларға сауалнама, интервью, білім беру бағдарламаларын талдау жұмыстары жүргізілген. Жүргізілген эксперимент қорытындыларын жинақтау, салыстыру, білім берудегі цифрлық ресурстарды тәжірибелері сараланған.

Жоғары білім берудегі аралас оқытудың теориясы мен тәжірибесін талдау арқылы әдіснамалық, дидактикалық, технологиялық, құрылымдық - мазмұндық моделін құру және оқыту дизайнын жасақтау компоненттерінің анықталуы зерттеудің нәтижелері мен ғылыми жаңалығын құрайды.  Аралас оқытудың педагогикалық дизайнын құрастыруда тәжірибеге енгізетін нысандар, олардың дайындық  өлшемдері мен көрсеткіштері арқылы институционалық, педагогикалық және технологиялық дайындықтың қажетті деңгейі анықталуы зерттеудің практикалық маңызын құрайды. Зерттеу қорытындылары мен алынған нәтижелер аралас оқытудың педагогикалық дизайнын құруға арналған ғылыми жобаның келесі кезеңдеріне өтуге негіз болады.

Түйін сөздер: Аралас оқыту, білім беруді трансформациялау, педагогикалық дизайн, аралас оқыту дидактикасы,  білім беру ресурстарын интеграциялау, институционалдық, педагогикалық, технологиялық дайындық

Жүктелулер

Жарияланды

2023-01-01

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер