Мұғалім біліміндегі digital humanities: жобалық қызметтің дамыту тенденциялары мен болашағы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20258218Аннотация
Бұл зерттеу сандық зерттеулердің гуманитарлық ғылымдардағы мұғалімдерді оқыту аясында қолданылуын зерттейді. Мақалада цифрлық гуманитарлық бағыттын пайда болуының алғышарттары мен осы саладағы іргелі зерттеулері қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы жаһандану және цифрландыру процестеріне негізделген гуманитарлық ғылымдардағы цифрлық зерттеулердің өзектілігі негізделген. Мақалада оқытуды оңтайландыру және оқу іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін цифрлық құралдар мен ресурстарды пайдаланудың әртүрлі аспектілері қарастырылған, сандық гуманитарлық ғылымдар жобаларын оқыту тәжірибесіне сәтті енгізу мысалдары және де болашақта осы технологияларды қолданудың әлеуетті бағыттары қарастырылған. Зерттеудің негізгі идеясы қазіргі заманғы мұғалімдердің тиімдірек болуына және білім беру ортасының өзгермелі талаптарына бейімделуіне көмектесетін мұғалімдерді оқытуда сандық гуманитарлық әдістерді қолдану болып табылады. Жүргізілген зерттеулердің өзектілігі қазіргі заманғы ғылыми қоғамдастықтың гуманитарлық зерттеулерде цифрлық құралдарды пайдалануға деген қызығушылығының артуымен негізделеді. Әдеби шығарманы талдау мен түсіндірудің инновациялық цифрлық тәсілдеріне арналған көптеген ғылыми басылымдар осының дәлелі. Зерттеу нәтижелері білім беру траекториясында цифрлық гуманитарлық ғылымдар әдістерін қолдану мүмкіндіктерін ұсынады: цифрлық дағдыларды дамыту, үлкен көлемдегі деректерді талдау, жекелендірілген оқыту, ынтымақтастық және білім алмасу, сыни ойлауды дамыту. Қазақстандағы 500 мектеп мұғаліміне сауалнама жүргізілді. Цифрлық гуманитарлық ғылымдармен жұмыс істеудің негізгі түрі ретінде зерттеу авторлары студенттердің сыни ойлауын, аналитикалық ойлауын және ғылыми-зерттеу қызметінде өзін-өзі ұйымдастыру қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін жобалық технологияларды қарастырады. Мақала мұғалімнің білімі мен жобалық қызметі контекстіндегі цифрлық гуманитарлық ғылымның мүмкіндіктері туралы түсінікті кеңейтуге және оқу үдерісінде заманауи цифрлық технологияларды одан әрі зерттеу мен қолдануды ынталандыруға арналған.
Түйін сөздер: Digital Humanities, білім беру, жобалау технологиялары, білім берудегі цифрлық мүмкіндіктер, сандық гуманитарлық зерттеулер, таймлайн, пәнаралық көзқарас.
