Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялармен лицейлердегі педагогикалық менеджмент модельдерін жүзеге асырудың салыстырмалы аспектісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20258326Аннотация
Мақалада жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар және лицейлердегі педагогикалық менеджменттің түрлі модельдерін салыстырмалы-сәйкестендіру аспектісінде талдау нәтижелері ұсынылған. Білім беру мекемелерінде тиімді педагогикалық менеджментті ұйымдастыру қажеттілігі қазіргі заманғы білім сапасына қойылатын талаптардың артуына байланысты өзекті болуда. Осыған байланысты мақала авторлары мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің педагогикалық басқару модельдерінің ерекшеліктерін анықтау және оларды практикалық іс-әрекетте жетілдіруді негіздеуді мақсат етіп қойды. Зерттеу барысында мектептердегі, гимназиялар мен лицейлердегі менеджмент модельдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары жан-жақты қарастырылған, сондай-ақ олардың білім сапасына және оқушылар мен педагогтардың нәтижелілігіне ықпалы бағаланған.Зерттеу әдістері ретінде сараптамалық сауалнама алынып педагогикалық менеджменттің кейбір заманауи әдістерін қолдану қарастырылды. Мақалада әртүрлі білім беру мекемелерінде қолданылатын менеджмент модельдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен тәсілдер ұсынылған. Авторлар мектеп, гимназия және лицей деңгейлерінде педагогикалық менеджментті дамыту және оны жетілдіру жолдарын көрсетіп, басқару жүйесінің оқыту үдерісіне ықпалы мен тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын анықтайды. Зерттеу нәтижелері білім беру саласындағы мамандарға, оның ішінде білім мекемелері басшылары мен педагогтарға, оқу үдерісін жақсарту мақсатында менеджмент модельдерін тиімді пайдалануға көмекші құрал бола алады. Мақалада ұсынылған мәліметтер білім беру саласындағы педагогикалық менеджменттің алдағы уақытта жетілдірілуі үшін негіз бола алады.
Түйін сөздер: Педагогикалық менеджмент, жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер, менеджмент модельдері, салыстырмалы зерттеу, білім беру менеджменті.
