Шағын жинақты мектепте география пәнін оқыту ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES202582114
        154 83

Аннотация

Білім беру жүйесінің біртұтас және түбегейлі өзгерістерге ұшырауы ауыл мектептеріне, әсіресе соның ішінде шағын жинақталған мектептерге әсерін тигізбей қоймайды. Ауылдық шағын жинақты мектептер жалпы мемлекеттік білім беру жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі бола отырып, ауылшаруашылық өндірісі мен ауыл мәдениетін көтеретін кадрлар даярлаудың басты құралы болып табылады. Шағын жинақталған мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру мұғалімді даярлауға, оның кәсіби қызметіне көзқарасына арнайы талаптар қояды. Мақалада қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін дамытудың перспективалары мен проблемаларына талдау жасалды, шағын жинақты мектептерде географияны оқыту бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар мұндай мектептердің елді мекендерді сақтаудағы, шаруашылықтың дәстүрлі салаларын кеңейтудегі, демографиялық жағдайды жақсартудағы, ауылдық қоғамда мәдени білім беру кеңістігін құрудағы рөлі қарастырылады. Зерттеу нәтижелері мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуге және шағын жинақты мектептерде білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Шағын жинақталған мектептер үшін географияны оқытудағы әдістемелік тәсілдер (пәндерді интеграциялау, "тік жұмыс") және тапсырмалар жинақталды. Түркістан облысының шағын жинақты мектептерінің 25 мұғаліміне сараптамалық сауалнама жүргізілді. Шағын жинақталған мектептерде географияны оқыту мектептiң мөлшерiмен, ресурстарының болуымен және оқушылар құрамымен айқындалатын бiрегей проблемалар мен мүмкiндiктермен байланысты. Ауылдық жерлерде немесе халқы аз аудандарда орналасқан бұл мектептер әдетте бірнеше сыныпты бір сыныпқа біріктіреді, бұл әртүрлі жастағы топтар мен оқыту қажеттіліктерін ескеру үшін оқытуға инновациялық тәсілдерді қолдануды талап етеді.

Түйін сөздер: білім беру, шағын жинақты мектеп, біріктірілген сынып.

 

Авторлардың биографиясы

Д. Керимбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті , PhD докторант (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: dikosh-84@mail.ru ).

А. Булент, Гази университеті, Анкара қ., Түркия

Гази университеті, Гази білім беру факультеті, әлеуметтік ғылымдар білімі (Анкара қ., Түркия, e-mail: abulent@gazi.edu.tr).

С. Каупенбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail:  samal_75@inbox.ru).

Н. Набиева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттанну факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail:  naizi_erzhan@mail.ru )

Жүктелулер

Как цитировать

Керимбаева . D., Булент A. ., Каупенбаева S. ., & Набиева N. (2025). Шағын жинақты мектепте география пәнін оқыту ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 82(1), 169–176. https://doi.org/10.26577/JES202582114