Төзімділікті дамытуға бағытталған альпинистердің оқу процесінің педагогикалық аспектілері туралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258321
        178 64

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы альпинистердің төзімділікті дамытуға бағытталған оқу-жаттығу процесінің ағымдағы жай-күйіне қысқаша талдау берілген. Сонымен қатар альпинизмде төзімділікті дамыту, орта және биік таулы жағдайларда жаттығу тақырыптарына арналған әдебиеттерге шолу жасалды. Жүргізілген талдау барысында бірнеше проблемалық мәселелер анықталып, оларды шешудің ықтимал жолдары ұсынылды. Жалпы және арнайы төзімділікті арттыру мақсатында бастапқы дайындық (БД) деңгейіндегі альпинистерге арналған әдістеме модельденді. Ол жалпы дене дайындығы мен арнайы дайындық жүйесін өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Әдістеме үш элементті оқу-жаттығу процесіне енгізуді қарастырады: 1) орташа еңіс (10-15°) беткейде орындалатын арнайы жүгіру жаттығулары, 2) орташа еңіс (15°) беткейде орындалатын жеделдетулер, 3) орташа еңіс (15-20°) беткейде орындалатын интервалды жеделдетулер, жаттығулардың барлығы орта таулы жағдайда жүргізіледі. Экспериментке альпинизммен орташа 2 жыл айналысқан, орта жасы 32-дегі бастапқы дайындық деңгейіндегі 22 спортшы қатысты. Жалпы және арнайы төзімділікті бағалау үшін қатысушылар 3000 метрге жүгіру және тауға жүгіру нормативтерінен өтті. Төрт айдан кейін бақылау тобы нәтижесін 3%-ға, ал эксперименттік топ 7%-ға жақсартты.

Түйін сөздер: альпинизм, төзімділік, биік таулы жағдайлар, дене дайындығы.

Авторлардың биографиясы

А. Саматов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

магистрант , e-mail: arman.samatov@gmail.com

Ғ. Мәдиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы, e-mail:galiya.madiyeva@kaznu.kz

Д. Оңғарбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты,  Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы , e-mail: ongarbaeva10@kaznu.kz

И. Мартыненко, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

аға оқытушы,  Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы, e-mail:martynenko.irina59@mail.ru

И. Круговых, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

магистр, аға оқытушы, Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы, e-mail: ilya_krugovyh@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Саматов, А., Мәдиева, Г., Оңғарбаева, Д., Мартыненко, И., & Круговых, И. (2025). Төзімділікті дамытуға бағытталған альпинистердің оқу процесінің педагогикалық аспектілері туралы. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 83(2), 4–14. https://doi.org/10.26577/JES20258321

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер