Мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік жұмысында жасанды интеллект құралдарын қолдану: мүмкіндіктері, шектеулері және педагогтердің цифрлық құзыреттілігінің өзгерісі

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES87220268

Аңдатпа

Мақалада мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік жұмысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың мүмкіндіктері мен шектеулері эмпирикалық деректер негізінде талданады. Зерттеудің мақсаты – әдістемелік қызметтің негізгі функцияларына (кәсіби даму, оқу-әдістемелік құжаттама, цифрлық дидактикалық материалдар, бағалау-мониторинг, кәсіби рефлексия) сәйкес келетін ЖИ құралдарының функционалдық «құралдар экожүйесін» сипаттау және оны енгізудің тәуекелге бағдарланған шектеулерін негіздеу. Зерттеу 2025 жылғы наурыз–мамыр айларында Орал қаласы №9 «Еркемай» бөбекжайы МКҚК базасында жүргізілді; қатысушылар саны – 21 педагог. Практикалық апробацияда педагогтің кәсіби дамуына арналған ЖИ құралдары ретінде ChatGPT, Claude, Gemini; цифрлық дидактикалық материалдарды жасау үшін Canva AI; балаларға арналған көрнекі материалдарды (презентация, плакат, инфографика) әзірлеу үшін Microsoft Copilot; әдістемелік ұсыныстар мен оқу құжаттарын құрастыру/өңдеу үшін Tome және Gamma; бағалау және мониторинг үшін Google Forms және ЖИ көмегімен деректерді талдау элементтері; микрооқыту және біліктілікті арттыру үшін Coursera, Udemy; жеке оқу траекториясын қолдау үшін EdTech платформаларындағы AI-тьюторлар қолданылды. Зерттеу дизайны аралас әдістерге негізделді: педагогтердің цифрлық құзыреттілігін ЖИ қолданғанға дейін және кейін салыстырмалы өлшеу, ЖИ көмегімен дайындалған әдістемелік өнімдерді критерийлік рубрика арқылы сараптау, сондай-ақ кәсіби рефлексия мен мотивацияға қатысты сауалнама және сапалық талдау. Нәтижелерді ұсынудың негізгі метрикалары: цифрлық құзыреттілік динамикасы, әдістемелік өнім сапасы, рефлексия деңгейінің өзгерісі, бағалау-мониторинг деректерін өңдеу тиімділігі және тәуекелдер (құпиялылық, сенімділік, авторлық құқық, шамадан тыс тәуелділік). Қорытындыда МДҰ әдістемелік қызметі үшін ЖИ құралдарын енгізу «құралды қолдану» деңгейінде емес, деректер қауіпсіздігі, адам бақылауы және құзыреттілікті дамыту қағидаларына негізделген ұйымішілік регламент арқылы жүргізілуі тиіс екені негізделеді.

Түйін сөздер: мектепке дейінгі ұйым, әдістемелік жұмыс, жасанды интеллект, генеративті ЖИ, цифрлық құзыреттілік, ЖИ құзыреттілігі, кәсіби рефлексия. 

Автор өмірбаяндары

  • А. Убишева, Abai Kazakh National Pedagogical University, Abai

    «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» бағдарламасының докторанты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық (Алматы, Қазақстан, e-mail: aisultan120374@inbox.ru). 

  • Ұ. Қияқбаева, Abai Kazakh National Pedagogical University

    п.ғ.к., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: kyakbaeva@mail.ru)

  • И. Хасанова, Mahambet Otemiusly West Kazakhstan University

    мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал, Қазақстан, e-mail: Khassanova.inkar@mail.ru) 

  • Г. Сәдуакас, Abai Kazakh National Pedagogical University, Abai

    қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: gulbanu_sadvakasova@mail.ru)

  • Г. Джонисова, West Kazakhstan University of Innovation and Technology

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Орал, Қазақстан, e-mail: dzhonisova@mail.ru) 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Электронное обучение и дистанционное образование