Мектеп оқушыларының әлеуметтік және эмоционалдық әл-ауқаты, PISA-2018 бойынша Қазақстанның мысалы

Авторлар

  • N. Adelbayeva М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ. http://orcid.org/0000-0003-3475-134X
  • Zh. Mussina М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ. http://orcid.org/0000-0002-1028-0937
  • K. Kazhimova М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан,Орал қ. http://orcid.org/0000-0001-6486-421X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.02

Аңдатпа

Мектеп оқушыларының әлеуметтік және эмоционалдық әл-ауқаты оқушылардың психологиялық жағдайы мен оқу үлгеріміне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қашықтан оқыту кезінде оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық әл-ауқаты мәселесі маңызды болды. Дегенмен, бүгінгі күні бізде қазақстандық мектептердегі оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық әл-ауқаты туралы сандық деректер аз. Оқу-тәрбие процесінің психологиялық-педагогикалық жағдайлары туралы деректер жоқ. Бұл мақала PISA-2018 зерттеуінің сандық деректерін ұсыну, әлеуметтік және эмоционалдық әл-ауқат, мектеп климаты ұғымдарын ашуға бағытталған. PISA-2018 деректерін талдау нәтижелері бойынша қазақстандық оқушылардың шамамен үштен бірі буллингқа ұшырайтыны анықталды. Мәліметтерге сәйкес, қазақстандық оқушылардың 5%-дан сәл астамы сабақтан қалып немесе сабаққа кешігіп келеді. Оқушылардың 76%-ы мектеп қабырғасында оңай дос таба алады, 69%-ы өзін мектеп қауымдастығының бөлігі ретінде сезінеді. Дегенмен, оқушылардың 79 % мектепте өздерін бөгде адам деп есептейді. 78% мектепте өзін «орынсыз» сезінеді, ал 80% өзін жалғыз сезінеді. PISA-2018 нәтижелері бойынша қазақстандық оқушылар зерттеуге қатысушы елдердің орташа деңгейінен жоғары өмірлерінмен қанағаттанған. Ауыл-қала жағдайында ауыл оқушылары қаладағы құрдастарына қарағанда өмірге көбірек қанағаттанарлық. Қазақ мектептеріндегі оқушылардың 45%-ы қателессе, басқалар не ойлайды деп уайымдайды. 34% сәтсіздіктен қорқады, өйткені бұл олардың болашағына кері әсер етуі мүмкін. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері далалық зерттеу деректерімен өзара тексеріліп, сынақ құралының жарамдылығы, оның аудармасы, әлеуметтік-мәдени айырмашылықтардың ескерілуіне тексерілуі керек.

Түйін сөздер: әлеуметтік және эмоционалдық әл-ауқат, мектеп оқушысы, мектеп климаты, мектеп ортасы.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары