Жасанды интеллект технологиясын сурдопедагогикада қолдану мүмкіндіктері

Авторлар

  • Н. Керімбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3206-0855
  • Р. Шадиев Чжэцзян университетінің Педагогикалық колледжі, Ханчжоу қ. , Қытай https://orcid.org/0000-0001-5571-1158
  • A. Акрамова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6890-0329
  • Қ. Адамова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3683-7879

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.11

Аңдатпа

Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды дамуы білім беру мен денсаулық сақтау сияқты салаларды айтарлықтай өзгертеді. ЖИ үшін перспективті бағыттардың бірі – сурдопедагогика. Білім беруде есту қабілеті нашар адамдар үшін қолдау көрсететін сектор. Дәстүрлі түрде сурдопедагогика толық естімейтін немесе нашар еститін адамдар үшін оқуға және қарым-қатынасқа көмектесу мақсатында әдістер мен құралдарды пайдаланады. Дегенмен, бұл салаға ЖИ мүмкіндіктерін қосу оқу нәтижелерін жақсартуға және есту қабілеті нашар адамдардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ым-ишара тілін тану сияқты бағдарламалау жобалары коммуникацияның қолжетімділігін жақсартады. Дегенмен, техникалық аспектілерден басқа, ым-ишара тілі қолданылатын мәдени және әлеуметтік контексттерді де ескеру маңызды. Зерттеу жұмысының тұжырымдамасы ым-ишара тілін аудару үшін Python программасын зерттеу және қолдану болып табылады: ым-ишара таңбаларын тануға арналған компьютерлік көру және машиналық оқыту әдістерін талдау, сондай-ақ қимылдарды тану мақсатында кескіндерді өңдеуге арналған Python-да бағдарламалық құралды жасау. Терең оқыту мен машиналық оқытудың тәсілдеріне негізделген алгоритмдерді әзірлеу ым-ишара тілін тануға және аударуға қабілетті жүйені құруға көмектесті. Жобаны қамтитын негізгі төрт қадам: 1) Компьютерлік көру көмегімен қол сұлбасы анықталады; 2) Камера алдындағы қол қимылымен әріп көрсетіледі; 3) Анықталған нысанның машиналық оқыту арқылы қай әріп екені танылады; 4) Нәтиже экранда көрсетіледі. Әзірленген жүйе іс-қимылмен көрсетілген әріптерді жоғары дәрежеде анықтап, нәтижені экранға шығара алады. Бұл нәтижелер машиналық оқыту мен компьютерлік көрудің қоғамдағы пайдасы мен өзектілігін айқындайды.

Түйін сөздер: Ым-ишара тілі, python (программалау тілі), компьютерлік көру, машиналық оқыту.

Автор өмірбаяндары

  • Н. Керімбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    п.ғ.д., профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: nurasil@mail.ru)

  • Р. Шадиев, Чжэцзян университетінің Педагогикалық колледжі, Ханчжоу қ. , Қытай

    PhD доктор, профессор, Чжэцзян университетінің білім колледжі (Қытай, эл.пошта: rustamsh@gmail.com)

  • A. Акрамова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    п.ғ.к., доцент, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: akramova_@mail.ru)

  • Қ. Адамова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    «Информатика» білім беру бағдарламасының докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: adamovaqarlygash@gmail.com)

Жарияланды

2024-12-20

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары