Білім берудегі психологтың профилактикалық құзыреттілігі: диагностика мен арт-әдістердің байланысы

Авторлар

  • Г. Сейдулла Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0000-1738-5646
  • А. Мынбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9613-6030
  • А. Стасюк Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-1605-6570

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258215

Аңдатпа

Оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау - білім беру жүйесінде  мектеп пен университетегі психолог қызметінің маңызды міндеттерінің бірі. ЮНЕСКО халықаралық ұйымы 2022 жылы БҰҰ-ның Тұрақты даму, оның ішінде, оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау мақсаттарын іске асыратын "Денсаулық пен әл-ауқат мүддесі үшін білім беру саласындағы стратегияны" жариялады.Психологиялық алдын алу жұмысы  білім беру саласындағы психологтың, педагог-психологтың қызмет түрі ретінде, психикалық денсаулықты сақтауға, нығайтуға және дамытуға бағытталған. Болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлауда профилактикалық құзыреттілікті дамытуға баса назар аудару маңызды, себебі бұл оқушылар мен студенттердің психогигиенасында    білім берумен қатар диагностика және копинг-стратегияны, эмоцияларды, өзін-өзі реттеудегі арт-технологияларымен тығыз байланысты.Мақаланың теориялық бөлімінде болашақ педагог-психологтың профилактикалық құзыреттілігін арттырудағы   профилактиканың бастапқы, екінші, үшінші бағыттарындағы  арт-әдістері талданған. Шығармашылық пен өнер әдістері  эмоциялар мен көңіл-күйді  реттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан зерттеудің практикалық бөлігі психология университеттерінің студенттері арасында депрессиялық күйге бейімділік, өзін-өзі бағалау және шығармашылық арасындағы байланысты зерттейді. Зерттеуге депрессиялық күй, өзін-өзі бағалауы және шығармашылық деңгейін бағалаудан өткен 50 студент қатысты.Нәтижелер депрессияға бейімділік пен шығармашылықтың көрсеткіштері арасындағы теріс корреляцияны, сондай-ақ, депрессияға бейімділік пен өзін-өзі бағалау арасындағы депрессияның эмоционалды және когнитивті әл-ауқатқа зиянды әсерін растайды. Өзін-өзі бағалауды арттыру депрессияның студенттердің шығармашылығына теріс әсерін азайтуға көмектесетіні анықталды.

Түйін сөздер: психологтың профилактикалық құзыреттілігі, педагог-психолог, депрессияға бейімділік, психикалық денсаулық, өзін-өзі бағалау, креативтілік.

Автор өмірбаяндары

  • Г. Сейдулла, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: gulbaur@mail.ru)

  • А. Мынбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: aigerim.mynbaeva@kaznu.edu.kz)

  • А. Стасюк, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «7М03125 – Психология» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курс магистранты (Алматы, Қазақстан, e-mail: anar.stasyuk.99@mail.ru)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары