Ботаникадан оқу-дала практикасының жоғары оқу орындарының оқу үдерісіндегі маңызы

Авторлар

  • Г. Ешимбетова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0004-4341-3742
  • Г. Байташева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1299-4896
  • Е. Көксал Нигде Омер Халисдемир университеті, Нигде, Түркия https://orcid.org/0000-0001-7309-1458
  • А. Абубакирова Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4696-0280
  • Ш. Нұржанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0922-8883

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES861202615

Аңдатпа

Мақалада студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыруда және кәсіби шеберлігін шыңдауда оқу-дала практикасының рөлі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – білім алушылардың сапалы білім алуына және мансап жолында жетістікке жетуіне ықпал ететін практикалық құзыреттілікті қалыптастырудың маңызын талдау. Ботаникадан оқу-дала практикасы білім алушының кәсіби және тұлғалық өсуіне, ғылыми саланы терең меңгеруіне жағдай жасайды. Теория мен практиканы қатар қолдана отырып, далада нақты мысалдармен жұмыс істеу арқылы білім алушы өзінің кәсіби бағдарын нақтылайды.

Білім алушының сапалы білімге қол жеткізуі оның өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілетін дамытқан жағдайда мүмкін болады. Сондықтан практика кезеңін болашақ бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі деп санаймыз. Зерттеу жұмысында оқу-дала практикасының білім алушылардың университетте оқу кезеңінде және түлектердің еңбек жолында қандай пайдасы болғанын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамада ботаникадан далалық зерттеу жұмыстарының ғылыми әдіс-тәсілдерді меңгертудегі рөлі мен студенттерге көрсетілетін қолдау деңгейін айқындауға бағытталған сұрақтар енгізілді. Сауалнама нәтижесін талдау барысында оқу үдерісінде жетістікке жету мен кәсіби даму кезеңдерінің практика барысында қалыптасқан дағдылармен тығыз байланысты екені анықталды. Бұл зерттеу жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары және докторанттары үшін биологияны оқытуда әрі ғылыми құзыреттіліктерді қалыптастыруда оқу-дала практикасының маңызын айқындауға құнды материал болмақ.

Түйін сөздер: ботаника, оқу-дала практикасы, оқу үдерісі, оқу-танымдық белсенділік.

 

Автор өмірбаяндары

  • Г. Ешимбетова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жаратылыстану институты, Биология кафедрасының 8D01504-Биология БББ бойынша  2-курс докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: gulmira-eshim@mail.ru)

  • Г. Байташева , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жаратылыстану факультеті, биология кафедрасының профессор м.а.  (Алматы , Қазақстан, e-mail: baitasheva2004@gmail.com)

  • Е. Көксал , Нигде Омер Халисдемир университеті, Нигде, Түркия

    Нигде Өмер Халисдемир университетінің жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар жоғары мектебінің ғылымды оқыту кафедрасының доценті, профессор  (Нигде, Түркия, e-mail : eakoksal@ohu.edu.tr)

  • А. Абубакирова, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

    PhD, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Биология кафедрасының доценті (Шымкент , Қазақстан, e-mail: Azhar.baikal79@mail.ru)

  • Ш. Нұржанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология кафедрасының аға оқытушысы (Алматы , Қазақстан, e-mail: nurgans@mail.ru)

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин