К ПРОБЛЕМЕ ИЗУЧЕНИЯ СЛУХОВОГО КОНТРОЛЯ В ПЕДАГОГИКЕ МУЗЫКАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ

Авторлар

  • Lyaylya Kaliakbarova Қазақ ұлттық консерваториясы image/svg+xml

Аңдатпа

Мақала фортепианолық оқытудың маңызды психологиялық-педагогикалық мәселелерін көтереді. Студент-пианистердің есту бақылау қабілетін дамыту сияқты күрделі және көп қырлы мәселе ұзақ уақыттан бері ғылыми шолуды қажет етеді. Осы қабілет пианиске музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін толық айқындап, оны аспапта мәнерлеп орындауға мүмкіндік береді. Көптеген атақты музыкант-педагогтар аталған қабілеттің жетекші маңыздылығын көрсеткен. Үш ғасыр бойына пианист-орындаушының есту бақылау санасының функциясы бірнеше рет эмпирикалық деңгейде әдістемелік талдауға ұшыраған. Алайда, түсіндіру қызметінде есту бақылаудың маңызды рөлін жаппай қабылдауға қарамастан, аталған қабілет негізінде жатқан қызмет ету сипаты осы күнге дейін зерттелмеген. Едәуір өзекті сұрақтар қатарында бастауыш мектеп жасындағы оқушы-пианистердің есту бақылау қабілетін дамыту мәселесі тұр. Барлық жастағы орындаушылар топтарының бақылау қызметтерінің негізгі заңдылықтары көріністерінің бірегейлігіне қарамастан, кіші мектеп жасындағы орындаушылар үшін физиологиялық және психологиялық дамуының өзіндік ерекшеліктері тән. Осыған байланысты кіші мектеп жасындағы пианист-оқушылардың есту бақылау қабілетінің қалыптасу және даму жас ерекшеліктерін және тиісті педагогикалық жағдайын анықтау қажет. Біздің ойымызша, кіші мектеп жасы – оқушының одан арғы барлық шығармашылық қабілеттерін дамыту болашағын айқындайтын, есту бақылау қабілетін қалыптастыру үшін ең сензитивті кезең болып табылады.
Түйін сөздер: білім беру, фортепианолық оқыту, қабілет, есту бақылауы, пианистер, көркем сипат, музыкалық шығарма, бастауыш мектеп жасы, шығармашылық даму, тәрбие, педагог.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-08-20

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические проблемы профессиональной подготовки специалистов.