Оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалауға ЖБ ОЖСБ-ның нәтижелерін қолдану механизмі
Аңдатпа
Бұл мақалада жоғары оқу орындарындағы (ЖОО) жоғары білімдегі оқу жетістіктеріне
сырттай бағалаудың (ЖБ ОЖСБ) 2017 жылғы нәтижелерінің көрсеткіштері беріліп отыр. 2017 ж.
ОЖСБ қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде білім алатын
студенттердің салыстырмалы көрсеткіштері диаграмма, кесте түрінде көрсетілді. 2017 ж. ОЖСБ
нәтижесі бойынша көрсеткіштер кредиттік және дәстүрлі бағалау жүйесі түрінде берілген.
«Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша 2017 ж. көрсеткіштеріне ЖОО мәртебесі
бойынша, мамандық кесіндісінде салыстырмалы талдау жасалынды. ОЖСБ-2017 оқыту тілі мен
мамандық бағыты бойынша салыстырмалы талдау жасалып, диаграмма түрінде берілді. Ұлттық
тестілеу орталығының сайты www.testcenter.kz
Түйін сөздер: оқу жетістіктеріне сырттай бағалау, талдау, рейтинг.
