Мектептегі балалардың жасөспірімдік даму кезеңіндегі гипербелсенділігінің оқу үлгеріміне ықпалын зерттеу

Авторлар

  • А Malibaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • L Baktybaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Жеке тұлғаның өзін-өзі танудың жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше кезеңдері бар. Олардың ішінде, жасөспірімдік кезең – психофизиологиялық қарым-қатынаста ең қиын кезең. Себебі, бұл кезеңде жасөспірімдерде ағзаның өсуі, гормоналды өзгерістер, тіндердің және мүшелердің дамуы сияқты өзгерістер болады. Жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуына психикалық күйі әсер етеді. Дәл осы кезеңде жасөспірімдер жоғарғы сыныпқа көше бастайды, бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі білім нәтижесі адамның болашағын анықтайды. Қазіргі кезде республикамыздың білім беру орындарында гипербелсенді оқушылардың саны көбеюде. Сондықтан да гипербелсенді оқушыларға білім берудің жаңа жүйесі жасалып, мектеп жасөспірім даму кезеңіндегі балалардың оқу үлгеріміне гипербелсенділігінің әсер ету деңгейін зерттеу өте өзекті мәселе болып табылады.
Мақсаты – мектеп жасөспірім даму кезеңіндегі балалардың оқу үлгеріміне гипербелсенділіктің әсер ету деңгейін зерттеу. Зерттелетін мәселенің міндеті жасөспірімнің еріктілік тұрақтылығына гиперактивтіліктің әсерін зерттеуге байланысты. Зерттеулер 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге жүргізілді. Балалар Алматы қаласындағы С. Көпбаев атындағы №186 мектептің 7-8 сынып оқушылары арасында іріктелді. Зерттеулер физиологиялық денсаулық жағдайын ескере отырып, оқушылардың қысқы демалыс күндері ерікті түрде өткізілді. Нәтижелерді математикалық өңдеу Microsoft Excel бағдарламасында жүзеге асырылды.

Түйін сөздер: гипербелсенділік, оқу жетістіктері, психофизиология, жеке тұлға.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-16

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические исследования