Г. Бельгердің романдарындағы «Үй» архетипін талдаудың әдістемелік тәсілдері

Авторлар

  • A Demchenko әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Мақалада Г. Бельгердің романдарындағы «үй» архетипін талдаудың әдістемелік тәсілдері қарастырылады. Жазушының шығармалары Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімі мен толеранттылығын идеялық мазмұндық нығайту аспектісінде қарастырылады. Әдеби шығармалардағы архетиптерді зерттеу ғаламның тілдік бейнесінің ұқсастықтарын ғана емес, сол сияқты өзіндік айырмашылықтарын да көрсетуге мүмкіндік тудырады. Бұл ерекшеліктерді түсіну – біздің еліміздің халықтарының бейбітшілігі мен амандық-саулығының нәтижесі ретіндегі мәдениетаралық қауымдасуының табысты кепілі. Қазақстан – өзінің табиғатында мәдени және саяси экономикалық кеңістіктегі гетерогенді көпір арасындағы еуразиялық ел. Жаңа қоғамның моделін құру үшін еліміздің бір бөлігі болып табылатын барлық мәдениеттердің жетістіктерін түсініп қабылдау қажет. Бұл үдерісте Қазақстандағы әртүрлі дәуірлерде генетикалық туындаған дәстүрлердің, әлемдік әдебиеттің тәжірибесін, әмбебап халықтық құндылықтардың әдебиеттегі рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Г. Бельгердің романындағы «Үй» архетипін талдаудың әдістемелік жүйесі студенттердің танымдық үдерістің толыққанды субъектісі және орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері ретінде қалыптасуына және олардың кәсіби қызметінің табысты болуына қажет әртүрлі тиімді интерактивті әдістердің, эвристикалық оқытудың және сын тұрғысынан ойлау құралдарының қолданылуына құрылады. «Үй» архетипін оқу студенттердің Г. Бельгердің шеберлігіндегі әртүрлі аспектілер туралы терең түсініктерінің қалыптасуына олардың алдағы әдеби дамуларына мүмкіндік береді. Студенттерде әмбебап категория ретінде архетип туралы түсініктердің қалыптасуы олардың философияға, мәдениетке және психологияға қызығушылықтарын тудырады.
Түйін сөздер: Г. Бельгер, «Кезбенің үйі» романы, «Тұйық су» романы, «үй» архетипі, толеранттылық, әдістемелік тәсіл, оқу бойынша талдау.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-20

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары