Университеттік ортада студенттердің іс-әрекетін әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеуді жоспарлау сұрақтары: жобалық құзыреттіліктегі когнитивтік рефлексия
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JES.2019.v58.i1.01Аңдатпа
Мақалада студенттердің жобалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін әлеуметтік-педагогикалық қолдауды жоспарлау жүйесінде студенттердің рефлексиясы сапасының мәселелері қарастырылды. Зерттеу студенттерге болып жатқандарды рефлексия жасау негізінде қалыптасқан кәсіби-мансаптық жағдайды түсінуге көмектесу үшін қажетті педагогикалық іс-әрекеттерді анықтау мақсатында жүргізілді. Автордың жетекші идеялары студенттердің жобалық құзыреттілігін қалыптастыруды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін жобалау, олардың когнитивтік-рефлексиялық белсенділігінің сапасын диагностикалау деректері негізінде және өмірлік стратегияны жобалаудағы болжамды және кенеттен болатын мүмкіндіктер арасындағы жалтарудың теориялық моделін әзірлеуді ұйымдастыру болып табылады. Мақалада «когнитивтік рефлексия», өмірлік стратегияны жобалаудағы болжамды және кенеттен болатын мүмкіндіктер арасындағы жалтарудың теориялық моделі» түсінігі нақтыланды; мамандықты меңгеру үрдісінде студенттерде жеке жағдайларда болып жатқан когнитивтік рефлексиясының сапасын диагностикалау әдісі құрылды және сынақтан өткізілді. Практикалық бөлігінде автордың тиімді кәсіби-мансаптық стратегияны таңдау үшін болып жатқанды рефлексия жасау негізінде, студентке пайда болған өмірлік жағдайды түсінуіне көмек көрсету үшін қажетті педагогикалық іс-әрекетер жүйесі ұсынылады. Зерттеуге 5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 140 студенті қатысты (әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің 73 студенті және Абай атындағы ҚазҰПУнің 67 студенті).
Кілттік сөздер: студенттердің жобалық құзыреттілігін дамытуды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу, кәсіби-оқу іс-әрекеті, автобиографиялық білім, когнитивтік рефлексия.
