ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӨЗ ІСІНЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

  • S Lukashova Сулейман Демирель атындағы Университет,Қазақстан
  • A Choban №2 Білім-инновация лицейі

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v58.i1.03

Аңдатпа

Аталмыш жұмыстың басты мақсаты - педагогикалық практиканың болашақ математика мұғалімдерінің өз пәнін беруге деген қарым-қатынасына ықпалын анықтау. Математика пәніне және мұғалім мамандығына көзқарасынан көрініс табатын өз-өзіне сенімділік, жағымды эмоциялар, мотивация, құндылықтар секілді факторлар басты назарға алынады. Зерттеу тобын Қазақстанның әр қаласында орналасқан мемлекеттік және жеке меншік мектептерден тұратын 15 түрлі оқу орнында екі айлық педагогикалық практикадан өтуші Сулейман Демирель университеті, математика бөлімінің 4-курсында оқитын 20 студент құрап отыр. Мұғалім мамандығы мен математика пәніне деген көзқарасты саралау өлшемі секілді зерттеу құралдары педагогикалық практикаға дейін және кейін де қолданылды; ал арнайы жасалған сауалнама білім алушылардың болашақта мұғалім болып қалу-қалмау жоспарларының сапалы кері байланысы бола білді. Зерттеу болжамы дәлелденді деуге толық негіз бар: белсенді педагогикалық практика расымен болашақ математика пәні мұғалімдерінің өз ісіне көзқарасын өзгертеді. Бұл жүргізілген зерттеулердің нәтижесі келешекте оқу бағдарламасының, соның ішінде педагогикалық практиканың ұйымдастырылу және өткізілу сапасын жақсартуға негіз бола алады. Сауалнама нәтижесінде практикадан өткен соң студентттердің 61% мамандық бойынша жұмыс істейтіндіктерін, ал 60% астамы математика мұғалімі мамандығы бойынша оқуды  магистратурада жалғастыруды жоспарлайтындықтарын айтты. Мектептегі практиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Кілт сөздер: математика пәні мұғалімі, педагогикалық практика, педагогика ісіне деген көзқарас, математикаға көзқарас

Жарияланды

2019-05-22

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические проблемы профессиональной подготовки специалистов.