БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖЕРЛЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЫНАЙЫЛЫҒЫ
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JES.2019.v58.i1.06Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі: білім сапасы тек мұғалімге ғана емес, мектеп директорына да байланысты. Сондықтан да дамыған елдерде мектеп көшбасшыларын даярлау мәселесіне бүгінде үлкен көңіл бөлінуде
Мақаланың мақсаты: білім беру менеджерлерін даярлаудың қазақстандық тәжірибесін талдау, мектеп көшбасшыларын даярлаудың үздік шетелдік үлгілеріне салыстырмалы талдау жүргізу. Зерттеу әдістері: салыстырмалы талдау, мектеп директорларына сауалнама жүргізу. Нәтижелері: білім беру менеджерінің функцияларын түсіну жалпыланды, білім беру менеджерлерін даярлаудың шетелдік үлгілері қаралды, мектеп директорларында көшбасшылық қасиеттерді дамыту қажеттілігі негізделген, сауалнама нәтижелері және Қазақстанда білім беру менеджерлерін қайта даярлау жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынылған. Респонденттердің көпшілігі нақты мақсаттар мен жетістіктерге бағытталған, бірақ олардың тиімділігін білім беру процесін табысты бақылаумен және оқытушылар құрамының сапасымен байланыстырады. Зерттеудің ма ңыздылығы ұсынылған нәтижелер білім беру менеджерлерін даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын жобалау кезінде ескерілуі мүмкін.
Түйін сөздер: менеджер, білім беру менеджері, бағдарламаларды жобалау, даярлау жүйесі, дамыту технологиялары.
