Болашақ бастауыш білім педагогтарының пәндік құзыреттілігін қалыптастыру педагогикалық қызметке дайындығының шарты ретінде

Авторлар

  • L Ageeva Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
  • T Levchenko Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v59.i2.04

Аңдатпа

Білікті жас кадрларды даярлау жоғары білім беру жүйесінің басым міндеті болып табылады. Осыған байланысты ЖОО-да уақыт талаптарына сәйкес білікті педагогтарды даярлауды жетілдіру қажеттілігі туындады. Мақалада болашақ бастауыш білім беру педагогтарын даярлаудың құзыреттілік тұғырының мәні ашылады және педагогтардың кәсіби қызметке сапалы дайындығының шарты ретінде пәндік құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Авторлар бастауыш мектеп мұғалімдері меңгеруі тиіс пәндік құзыреттіліктің ерекшелігі мен мазмұнын ашады. Б. Блум таксономиясының оқыту мақсаты мен мамандықтың ерекшелігі негізінде пәндік құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі әзірленді. 3 курста педагогикалық практиканы өткізу барысында студенттердің пәндік құзыреттілігін қалыптастыру деңгейін анықтау бойынша тәжірибелік зерттеу нәтижелері ұсынылған, олар оқу курстарын одан әрі оқу кезінде аталмыш құзыреттілікті қалыптастыру бойынша терең жұмыс жасау қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты, оқу-әдістемелік кешендердің, оқытылатын пәндердің мазмұнына жұмыс берушілер мен практика басшыларының ұсыныстарын ескере отырып өзгерістер енгізілді. 4 курстағы өндірістік (педагогикалық) практиканың нәтижелері студенттердің пәндік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша ЖОО-ның оқу үрдісіне практикаға-бағытталған тәсілді жүзеге асыруда енгізілген өзгерістердің тиімділігін дәлелдеді.

Түйін сөздер: құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік, пәндік құзыреттілік, педагогикалық тәжірибе, оқу-тәрбие үрдісі.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-04

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические проблемы профессиональной подготовки специалистов.