Бастауыш мектептерде кіріктіру оқытуға болашақ мұғалімдерді дайындау мотивациялық компоненттердің диагностикасы

Авторлар

  • B Zhekibaeva Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
  • A Kalimova Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
  • O Kolomiets Педагогты кәсіби дамыту халықаралық институтының директоры

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JES.2019.v59.i2.05

Аңдатпа

Мақалада бастауыш мектептерде кіріктіру оқытуға болашақ мұғалімдерді дайындау мотивациялық компоненттердің диагностикасымен байланысты, бір ғылыми зерттеу нәтижесі ұсынылған. Бастауыш мектептерде кіріктіру оқытуға болашақ мұғалімдерді дайындау мотивациялық компоненттерді диагностикалық құрастыру өлшеу құралы – мақаланың мақсаты болып табылады. Авторлар, нормативтік-құқықтық құжаттарға сілтеме жасай отырып, кәсіби қызметке педагогикалық кадрларды дайындау мәселесінің көкейкестілігін негізге алады. Заманауи әдебиеттердің теориялық талдауы, бастауыш мектептерде кіріктіру оқытуға болашақ мұғалімдерді дайындау саласындағы психолого-педагогикалық зерттеулерді жалпылау негізінде, аталған мәселенің зерттеу әдіснамасы ұсынылған. Эмпирикалық әдістер: тестілеу, сауалнама, бақылау, әңгімелесу, алынған мәліметтерді математикалық-статистикалық өңдеу негізінде зерттеу ұйымдастырылған. Сонымен қатар, зерттеу авторлары жүйелі-әрекетті көзқарасты басшылыққа алады. Аталған көзқарасты басшылыққа ала отырып, авторлар әдістер жинағын таңдап алды. Кәсіби қызметке дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін, автор Р.В. Овчарованың «Мамандық таңдау себептері» әдіснамасы, Ж. Ньютонның «Тұлғаның мотивациялық саласына диагностика» әдіснамасы, «Педагогикалық қызмет кедергілері» сауалнамасы, таңдалып және жүзеге асырылды. Көптеген ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің ішінен, сұрастырылған студенттердің бейімділігі, әрекет ету себептері, ойлары туралы ақпарат алуда, мотивациялық компонеттерді анықтауда, сауалнама-сұрастыру ең тиімді болып табылатындағы мақалада көрсетілген. Мотивациялық компонент дайындығы нәтижесін талдау егжей-тегжейлі көрсетілген. 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына студенттерді оқыту нәтижесіне әсер ету себептеріне, қорытындыда сипаттама берілген. Бастауыш мектептерде кіріктіру оқытуға болашақ мұғалімдерді дайындау мотивациялық компоненттерінде, келесіде жүзеге асыруға болатын, болашақ мұғалімдерді дайындау мотивациялық компоненттерін қалыптастыру бойынша алдағы уақыттағы жұмыс қажеттілігі анықталды.

Түйін сөздер: дайындық, болашақ мұғалімдер, кіріктірілген оқыту, бастауыш мектеп, эксперимент.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-04

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические проблемы профессиональной подготовки специалистов.