Болашақ мамандарды даярлау сапасын оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің отандық және шетелдік тәжірибесі (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Бинали Йылдырым Эрзинджан университеті мысалында)
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2019.v59.i2.08Аңдатпа
Әлеуметтік педагог маманын дайындаудың сапасы ғылыми зерттеулер мен білім беруді басқарудың тәжірибесінде айқын назарға ие, себебі, бұл мамандыққа жыл сайын бөлінетін мемлекеттік гранттар саны артуда, аймақтарда мықты әлеуметтік педагог мамандырына сұраныс көбеюде, мемлекет және жұмыс беруші тарапынан бақылау күшейіп, әлеуметтік педагог атқаратын жұмыс пен мәселелер ауқымы кеңеюде. Одан бөлек, қазіргі білім берудегі жаңашыл үдерістер, қандай баға берсенде, білім беру сапасын не сол деңгейде сақтайды, не болмаса одан әрі дамытуға талпынады.
Бұл мақаланың мақсаты Түркия және Қазақстан университеттерінде оқытудың оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасының ерекшеліктері мен мазмұнына салыстырмалы талдау жасау болып табылады. Зерттеудің негізгі әдістері талдаудың, жүйелеудің, жалпылаудың теориялық әдістері болып табылады. Жалпы алғанда салыстырмалы талдауда Бинали Йылдырым атындағы Эрзинджан университетінің білім беру факультетінде ғылыми тағылымдамадан өту барысында жинақталған эмпирикалық материалдар ұсынылған. Мақаланың мәнділігі: зерттеудің нәтижесі білім беру жүйесінің басқарушылары мен менеджерлері, университет оқытушылары үшін болашақ мамандарды оқытудың мазмұны мен технологиясын түзетуде пайдалы болуы мүмкін.
Түйін сөздер: оқыту сапасы, оқу-әдістемелік камтамасыз ету, оқу жоспары, силлабус, оқулық








