Орыс тілі мен әдебиетінің болашақ мұғалімдерін кәсіби даярлауға интерактивті білім беру технологияларын қолданудың әдістемелік мәселелері

Авторлар

  • S Mizanbekov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Zh Tattimbetova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • V Denisenko Ресей халықтар достығы университеті

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v59.i2.014

Аңдатпа

Мақала заманауи жоо студенттерді дайындауды жетілдірудің маңызды бір бағыты – оқытудың интерактивті технологияларын ендірудің әдістемелік мәселесіне арналған. Авторлар интерактивті оқытудың болашақ педагогті кәсіби даярлаудың доминанты болып табылатынын және олардың жоо студенттерін оқу- тәрбие үдерісінде дайындаудың аксиологиялық,тұлғалық-бағдарлы, іс- әрекеттік бағыттылығын қамтамасыз ететін қазіргі мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. ЖОО білім беру үдерісін күрделі жүйе ретінде қарастырған авторлар болашақ педагогті кәсіби даярлаудың басты компоненттерін оқытушылардың тәрбиелеушілік және қалыптастырушылық қызметін және студенттердің оқу- танымдық әрекеттерімен байланысты аша отырып, оқу іс-әрекетінің мынадай (кезеңдерін) түрлерін бөліп көрсетеді: (1)эмпирикалық іс– әрекет қабылдау кезеңі ретінде психологиялық аппараттық тәсілдерді қолдануда білім алушылардың назарын тілдік құбылыстарды талдауға бағыттау; (2) эвристикалық іс– әрекет жағдаяттарды тани алу; (3) репродуктивтік іс– әрекет жаңа білімдерді алу және моделдерді түрлендіру; (4) дағдыларды жұмылдыруға байланысты практикалық іс– әрекет . Аталған кезеңдерге сүйене отырып, авторлар осыларға сәйкес тапсырмалары бар оқыту бағдарламасын дайындаған. Дайындалған әдістемені қолданардың алдында білім алудың кәсіби деңгейлерін (студенттердің өздігінен оқуы, қосымша мысалдар арқылы жаңа ақпараттарды таба алу қабілеттіліктері, «көрсету» әдісі, білім алушылардың интерактивті әдістердегі әрекеттерді бағалай алуы) анықтауда студенттердің
танымдық түрткілерін және коммуникациялық белсенділіктерін бағалау үшін сауалнама жүргізілді. Студенттердің 46% білім алудың жоғары кәсіби деңгейін, 44% ортадан жоғары, 7% орташа және 3% – төменгі деңгейді көрсеткені анықталды.

Түйін сөздер: интерактивті білім беру технологиялары, дидактика, құрал, мультимедиа.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-09

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин