Жаңа формацияның мамандарын дайындаудағы заманауи тұрғылар

Авторлар

  • B Sharipov Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті image/svg+xml
  • D Dzhusubaliyeva Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v60.i3.07

Аңдатпа

Цифрлық экономика кәсіби мамандарды дайындауда жаңа тұрғыларды талап етеді. Мақалада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіндегі (ХАТУ, Алматы қ.) аралас оқытудың тәжірибесі сонымен қатар мұғалімдер мен студент-болашақ педагогтердің кәсіби қызметте цифрлық технологияларды пайдалануға дайындығы қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде аралас оқыту қолданылатын 25 пән анықталып талданды. Негізіне «төңкерілген сынып» әдісі қабылданған оқу модулінің типтік құрамы дайындалды. Оқу модуліне қысқаша сипаттама берілді: дәріс, презентация, вебинар, өзіндік жұмыс, үй тапсырмасы, нәтижелер бойынша тестілеу, интерактивті қарым-қатынас. Аралас оқытудың дәстүрліден негізгі айырмашылықтары: оқыту ортасының өзгеруіне байланысты пәнді оқыту әдістемесі де өзгереді. Қашықтықтан оқытудың күшті және әлсіз жақтары жинақталады. Зерттеудің практикалық бөлімінде мұғалімдер мен студент-болашақ педагогтерге олардың оқытуда цифрлық технологияларды қолдануға дайындығын анықтау бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 150 адам қатысты. Студент-болашақ педагогтер АКТ саласында өздерінің ілгері жылжып отырғандығын көрсетті және олардың барлығының цифрлық технологияларды еркін меңгергендіктері анықталды. Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, аралас оқыту, «төңкерілген сынып» әдісі, цифрлық технологиялар, білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-24

Журналдың саны

Бөлім

Электронное обучение и дистанционное образование