Оқытуда кестелер мен сызбаларды қолдану арқылы ықтималдық есептерді шығаруды визуалдау

Авторлар

  • V Bakhmat Рубцовск индустриальды институты (филиал)
  • O Yefremenko «И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университеті
  • G Obukhova И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университеті

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v60.i3.08

Аңдатпа

Мақалада математиканы оқыту әдістемесінің мәселелері, атап айтқанда ықтималдық теориясы және статистика қарастырылады. Әдістемелік жоспарлауда комбинаторлық, ықтималдық және статистикалық есептердің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Бұл есептер мектеп курсында жоғары абстрактылығымен, көпнұсқалылығымен ерекшеленеді. Ықтималды есептерді меңгерту деңгейін арттыруда сызба мен кестелерді қолдану қарастырылған. Мәліметтердің вербальдыдан математикалық формаға өтуі стандартқа сәйкес емес сипатта ұсынылады, құрастырылған жиынтықтардың бастапқы кездегі өзара көптеген ұқсастықтарын жүйелеуге және біршама бөліп көрсетуге ұмтылыс жасалды. Аталған әдістеменің артықшылығы– визуалды мәдениет ғасырында цифрлық ұрпақ оқушыларының қабылдауын жеңілдететін көрнекілік ұстанымына дидактикалық сүйенуді ашып көрсету. Математика бойынша мектеп бағдарламасы – оқытудың академиялық және практикалық құрамдастығындағы симбиоз, яғни бірлесу. Бүгінгі таңда қабылдау қабілеттілігінсіз және әртүрлі формадағы ақпараттарды талдау, маңызды заңдылықтардың ықтималдық негіздерін түйсіну, қажетті ықтималдық талдауды орындай алу қабілеттіліктерінсіз оқушылардың функционалдық сауаттылығын елестету мүмкін емес.Есептерді визуалды код арқылы көрсету әдістемесі ұсынылды.  Түйін сөздер: көрнекілік, визуалдау, «ықтималдық ағашы» ықтималдық сызбалары, кестелер-«классиктер», оқиғаның ықтималдылығы, кездейсоқ оқиға.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-24

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин