Білім берудің жаңа теорияларына шолу: Педагогика 2.0, Білім беру 3.0 және Хьютагогика (Эвтагогика

Авторлар

  • А К Мынбаева Казахский Национальный университет имени аль-Фарабифакультет философии и полиологиикафедра педагогики образовательного менеджмента http://orcid.org/0000-0001-9613-6030

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v61.i4.01

Аңдатпа

Интернет жүйесі білім беруді дамытуға жаңа сапалы мүмкіндіктер жасап отыр. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы жаһандық ақпараттық инфрақұрылымның жасалуы әлемді өзгерте отырып, оны ақпараттармен қанықтырып, тығыздап серпілдендірді. Интернет дәуірінде дүниеге келген мектеп оқушылары мен студенттердің саны көбейді. Басқаша айтқанда, педагогика мектеп оқушылары мен студенттерді, сонымен қатар үлкендерді оқытудың негізін біртіндеп өзгертіп, жаңа стратегияларды кеңейте бастады. Аталған мақалада жаңадан туындап отырған – «Педагогика 2.0», «Педагогика 3.0», «Білім беру» 2.0, «Білім беру» 3.0, Эвтагогики (Хьютагогика) және цифрлық педагогика теориясының элементтері мен олардың сабақтастығы талқыланады. Бұл аталғандар қазіргі білім беруде революциялық көзқарастар тудыра ала ма? Педагогика 3.0 және Білім беру 3.0 цифрлық технологиялармен, жаңа цифрлық педагогикамен қалай қиылысады? Оқытушылар мен мұғалімдерге педагогикалық мамандарды дайындау жүйесін жүргізуді /басқаша жасау қажет пе? Мақала шолу сипатында жазылған. Ұсынылып отырған нұсқа қазіргі педагогикаға деген көзқарастарды талқылау үшін пікірталас ретінде беріледі. Пікірталаста оқушыларды оқытудың жаңа идеялары мен жаңа стратегиялары туындайтыны анық. Тәжірибені жинақтау «Педагогиканы оқыту әдістемесі», «Білім беру саласындағы жобалау» курстарын оқуда қолданылады. Педагогикалық мамандықтардың студенттерімен интервью жүргізілді және олардың қазіргі педагогикалық практикадағы «педагогика – андрогогика – эвтагогика» арасындағы басымдықтар мен кемшіліктерге берген бағалары көрсетіледі. Түйін сөздер: синергетика, эвтагогика, Heutagogy, цифрлық оқыту, дидактика, ризоматикалық педагогика.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-27

Журналдың саны

Бөлім

История. Методология современного образования..