Есту қабілеті бұзылған адамды еңбекке баулу және әлеуметтендіру стратегиясындағы тәжірибе
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2019.v61.i4.08Аңдатпа
Мақалада арнайы білім беру мекемесінде есту қабілеттері бұзылған тұлғаларды еңбекке баулу және әлеуметтендіру тәжірибесі қарастырылады. XV-XX ғасыр аралығындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру проблемасын шешудің даму тарихы ұсынылған. Қазіргі жағдайда балалардың көпшілігі есту қабілеттерінен айырылуларымен мейнстримге енеді, есту аппараттары технологиясының жетілдірілуімен және кохлеарлы имплантанттардың арқасында білім алуда. Мақалада Қостанай қаласындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепинтернатындағы тұлғаны әлеуметтендіру мен еңбекке баулу стратегиясы ұсынылған. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік-еңбек әрекетіне ерте жастан жұмылдыру мақсатында құрылымдалған жүйе – кәсіби дайындық орталығы құрылған. Оның қызметі жеке тұлғаны еңбекке баулу мен әлеуметтендіруді жетілдіруге көмектеседі. Мектеп-интернатты бітіру соңында мектеп бітірушілердің 46, 7% кәсіби маңызды жеке тұлғалық қасиеттердің, жұмыс дағдыларының жеткілікті деңгейі бар, 53,3% – жоғары, бұл бітірушілердің колледждегі кәсіби білім алуға дайындығын растайды. Есту қабілеті бұзылған жасөспірімдердің өмірін сапасын жақсартуды жалғастырудың маңызды агенті колледж болып табылады. Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың 17 бітірушісі оқиды. Студенттер теориялық және практикалық материалды жақсы меңгереді, сабаққа жауапкершілікпен қарайды. Колледжді бітіргендегі балл – 4,2, колледж бойынша орташа баллмен бірдей, олардың еңбексүйгіштік, адалдық, ұқыптылық, тәртіптілік тәрізді қасиеттерінің арқасында өндірістік ұжымдарда жақсы бейімделеді. Түйін сөздер: адам құқығы, әлеуметтік модель, ерекше білім алу қажеттіліктері, есту қабілетінің бұзылуы, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, еңбекке баулу, инклюзивті білім беру.








