Жоғары оқу орнындағы қалыптастырушы бағалау: онлайн қолданбалы бағдарламалар және оқыту платформалары

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v61.i4.09

Аңдатпа

Мақалада Халықаралық бизнес университетінің1 курс студенттеріне ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытуды зерттеу нәтижелері көрсетіледі. Жұмыста жазбаша тапсырмалар, ауызша сөз алу және оқушылардың аудиториядағы үлгерімін қалыптастырушы бағалау 1 семестрдің оқу бағдарламасына сәйкес қарастырылады. Сол сияқты 2 семестрдегі оқу бағдарламасында маңызды өзгерістер-UIB EngApp, Kahoot және Moodle цифрлық технологияларын қолдана отырып қалыптастырушы бағалауға көшу мазмұндалады. Жұмыстың мақсаты оқушылардың 1 семестрдегі және 2 семестрдегі оқу үлгерімін айқындау, цифрлық технологияларды қолдана отырып оқу үдерісіндегі айырмашылықтарды анықтау және қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін талдау болып табылады. Зерттеу сұрақтары: цифрлық технологияларды пайдалануда қалыптастырушы бағалаудың және білім беру үдерісінің тиімділігі арта ма? Бұл студенттің үлгерімінің нәтижесіне ықпал ете ме? Цифрлық оқыту технологияларына UIB EngApp, Kahoot сияқты онлайн-қосымшаларды және Moodle оқыту платформасы кіреді. Жанама кері байланыс цифрлық технологиялар арқылы студенттің үлгеріміне әсер ете ме? Автор 1 курс студенттерінің қатысуымен эксперименттік жұмыс жүргізген. Студенттердің үлгерімі және қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін талдау үшін жинақталған ақпараттарда сандық және сапалық әдістер қолданылған. Студенттердің нәтижесі – бұл оқушылардың емтихандағы, сонымен қатар 4 негізгі аралық тестер мен апта сайынғы онлайн-қосымшадағы және оқу платформасындағы қалыптастырушы бағалаудың нәтижесі. Талдау эксперимент барысында қалыптастырушы бағалаудан цифрлық технологиялардың, сол сияқты бағалаудың дәстүрлі әдістерінің көмегімен өткен 50 студенттің нәтижесі негізінде жүргізілді. Біздің байқағанымыздай, онлайн-платформа және қосымшалар көмегімен қалыптастырушы бағалау студенттердің үлгерімінің тиімділігінің артқанын көрсетті. Цифрлық технологияларды аудиторияда және оның сыртында интеграциялау мүмкіндігі оқушылар үшін де, оқыту үдерісі үшін де жағымды нәтижелер әкеледі.  Түйін сөздер: қалыптастырушы бағалау, жоғарғы білім, цифрлық білім, онлайн қолданбалы бағдарламалар, жаттығу платформалары

Жарияланды

2020-01-28

Журналдың саны

Бөлім

Оценка и измерение в образовании: отечественный и зарубежный опыт