Жоғары мектепте жаңартылған бағдарлама тұрғысынан диалогты оқытудағы жаңа тәсілдер

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v61.i4.013

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орындарында инновациялық әдістерді қолдану арқылы диалогтік оқытудағы теориялық және практикалық тәжірибені жинақтау. Жоғары оқу орындарындағы сабақтарда жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың жаңа стратегиялары мен тәсілдері толықтай меңгертіліп, белсенді қолданылуда. Мақалада сабақта қолданылатын белсенді әдістерге сипаттама беруге талпыныс жасалады. Белсенді оқыту әдістері студенттің коммуникативтік дағдыларының дамуына көмектеседі, өз көзқарасын дәлелдей алу біліктілігін қалыптастырады, студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруын ынталандырады. Диалогтік оқыту қазақ тілінде оқитын топ студенттерінің тілін дамытудағы сұранысқа ие әдістердің бірі болып табылады. Әңгімелесу түріне қарай диалогтік оқытудың кумулятивті, зерттеушілік және әңгіме-дебат сияқты түрлері ұсынылады. Диалогтік оқыту сұрақтарын құрастыру үшін: Блумм әдісі, өз көзқарасын дәлелдеу үшін ПОПС (КТМТ) және т.б қолданылады. Мақалада диалогтік оқытуды дамыту, сын тұрғысынан ойлауды меңгерту, топта коллаборативтік (бірлескен жұмыс) ортасын құру үшін қолданылатын педагогикалық әдістер сипатталады. Кері байланыстың оқыту үдерісіндегі тиімділігін айқындау үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономикалық факультетінің қазақ бөлімінің 67 бірінші курс студентінен сұрақсауалнама алынды. Студенттер диалогтік оқыту әдістері «ойлауды дамытады», «тіл байлығын жақсартады», «креативтілікті дамытуға ықпал етеді» деп жауап берді. Түйін сөздер: диалог, диалогтық оқыту, кумулятивтік әңгіме, зерттеу әңгіме, дебат әңгіме.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-28

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин