ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JES.2019.v61.i4.014

Аңдатпа

Қазіргі уақытта жетекші елдер параллельді есептеулерге ерекше көңіл бөле отырып оларды зерттеудің маңызды бағыты ретінде қарастырады. Қоғамды цифрландыруға байланысты параллельді есептеулердің қаланың практикалық өмірінде қолдану мүмкіндіктері кеңеюде. Мысалы, қалалық автобустардың қозғалыс кестесін сандық қамтамасыздандыру және т.б. Сондықтан, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес мамандарды кәсіби дайындау қажет. Зерттеудің мақсаты - университетте параллель есептеуді оқытудың педагогикалық ерекшеліктері мен дидактикалық ұстанымдарын анықтау. Зерттеуде келесі міндеттер орындалды: параллельді есептеулерді оқытудың педагогикалық ерекшеліктері анықталды; параллельді есептеуді оқытудағы дидактикалық ұстанымдар нақтыланды; параллельді есептеуді оқытуда педагогикалық ерекшеліктер мен дидактикалық ұстанымдардың тәжірибелік тұрғыда жүзеге асырылуы сипатталған. Автордың көзқарасы бойынша параллельді есептеуді оқытудың педагогикалық жүйесі мазмұндық, ұйымдастырушылық және әдістемелік құрылымға ие. Параллельді есептеу бойынша элективті курстарды енгізудің теориялық және практикалық негіздері, параллельді есептеулердің оқу кластерінің аппараттық-бағдарламалық кешенін құру, дидактикалық материалдарды дайындау қарастырылған. Дидактикалық ұстанымдар ретінде жүйелілік, бірізділік, пәнаралық байланыс,көрнекілік сияқты дәстүрлі ұстанымдар қолданылған. «Параллельді есептеу кластері», «Radstudio» ортасында параллель есептеулерді шешу» атауымен оқу құралы және т.б. цифрлық білім беру ресурстары дайындалған. Түйін сөздер: параллельді есептеу, параллельді есептеу кластері, ақпараттық технологиялар, білім беру кластері

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-28

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин