«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН МҰРАСЫНЫҢ МӘНІ

Авторлар

  • K Moldasan Казахский Национальный университет имени аль-Фарабифакультет философии и полиологиикафедра педагогики образовательного менеджмента http://orcid.org/0000-0001-9777-0228

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2020.v62.i1.03

Аңдатпа

Мақалада елдің болашақ өркендеуіне және демократиялық қоғамның болашағын құруға атсалысатын интеллектуалды, білімді тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық білім мен тәрбиені жүйелі ұйымдастырудың рөлі сипатталған. Сондай-ақ, мақалада елдің ұлттық мүдделерін дамытуға ықпал ететін жас ұрпақты қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің негіздері қарастырылған. Қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудың маңызды бағыттардың бірі жастар саясатын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер мен жас ұрпақтың әлеуетін құру қажеттілігі болды. Мақалада ұлттық салт-дәстүрлердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуымен сәйкестігі талданады. Жаңа дәуірдің бәсекеге қабілетті тұлғасын, жалпыадамзаттық құндылықтары жоғары тұлғаны қалыптастыруда ұлттың генетикалық коды ретінде ұлттық құндылықтар мен халықтың ұлы мұраларын зерттеудің рөлі зор. Ұлы ойшыл, философ, түркі әлемінің қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн мұрасы ұлттық сананың қалыптасуында маңызды рөл атқарады. «Құтты білік» түркі халықтарының психологиясы мен ұлттық мінезін, білім мұраттарын, елді басқарудың даналығын көрсетеді. Студенттерге көшбасшылық, басқарушылық, коммуникативті, педагогикалық шеберліктер мен қабілеттерді үйрету арқылы (байқаулардың өзіндік түрі) қалыптасуы мүмкін. Сонымен бірге әйгілі мұрадағы ұлы ойшыл әділетті қоғам құруда адамгершіліктің, кішіпейілділік пен ізгіліктің маңыздылығын ерекше атап өтеді. Мақалада жаттығу түрлері мен оларды жүзеге асыру технологиясы, оның ішінде Ж. Баласағұнидың мұраларындағы басқару идеясы, сондай-ақ тиімді сұрақтар қоюдың әдістері қарастырылған. Осы әдіснамалық тәжірибені бағалауға, талқылауға 21 студент және 45 магистрант қатысты. Түйін сөздер: ұлттық мүдде, ізгілік, ұлттық сезім, ұлттық тәрбие. 

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-15

Журналдың саны

Бөлім

История. Методология современного образования..