Бейіндік мектептегі шет тілді жаратылыстану-ғылыми білім беру үдерісіндегі концептуалды ұстанымдар мен тәсілдер

Авторлар

  • M Akhmetova Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • S Kunanbayeva Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • I Derijan Оңтүстік-Батыс «Неофит Рильский» университеті

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2020.v62.i1.06

Аңдатпа

Мақала бейіндік мектептегі өзге тілді жаратылыстану-ғылыми білім беру үдерісіндегі негізгі принциптер мен тәсілдерді анықтауға арналған. Авторлар сыныптарда бейіндік оқыту мақсатын іске асыру кезінде орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламасынан таңдалған пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету және жеке қабілеттер мен мүдделерге сәйкес оқыту мазмұнын саралауға жағдай жасау қажет деп санайды. Авторлар теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру және құру үшін қазіргі заманғы білім беру талаптарын тиімді іске асыру және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру үшін тұжырымдамалық қағидаттар мен тәсілдер жүйесі қажет деп санайды. Шет тілдік жаратылыстану-ғылыми құзыреттілікті (ШЖҒҚ) қалыптастыру кезінде шет тілдік білім берудің белгілі бір жиынтығының педагогикалық тиімділігін негіздейді. Бұл қағидаттар кәсіби шетел тілін үйренуде ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, ғылыми-қолданбалы адекваттылық принципі оқушылардың терминдермен жұмыс істеу қабілетін дамытады, функционалдық-операциялық иллюстративтілік принципі оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастырады, танымдықинтерпретациялық проекциялылық принципі оқушылардың когнитивтік қызметін дамытады, ізденушілік-проблемалық бағыт принципі оқушылардың проблемалық жағдайлармен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Авторлар кәсіби білім берумен сабақтастықты құру және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жоғары буын оқушыларын тиімді оқыту қажет деп санайды. Авторлар жеке тұлғаға бағытталған, когнитивті-лингвомәдениеттану, модульдік-құзыреттілік және интегративті көзқарастар сияқты шет тілді жаратылыстану-ғылыми білім беру үдерісіндегі концептуалды тәсілдерді қарастырды. Мақалада студенттердің ШЖҒҚ қалыптастырудағы осы тәсілдердің маңыздылығы айтылады. Авторлардың пікірінше, өзге тілді білім берудегі тәсілдер мен қағидаттарды есепке алу, білім беру сапасын арттыруға және кәсіби-бағытталған шетел тіліне дайындық кезінде, білім алушылардың құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал етеді. Түйін сөздер: концептуалды қағидаттар, тұжырымдамалық тәсілдер, шет тілді жаратылыстануғылыми білім беру үдерісі, бейіндік мектеп.

Жарияланды

2020-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические исследования