Педагогикалық сала қызметкерлерінің заманауи басқару парадигмалары контексінде кәсіби күйіп кетуінің алдын алу

Авторлар

  • S Puzikova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0003-1445-4516
  • A Rakhmatilla Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • D Tolemis Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • I Ishigova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2020.v62.i1.07

Аңдатпа

Мақала заманауи басқару парадигмалары контексінде педагогикалық сала қызметкерлерінің кәсіби күйіп кетуіне әкелетін синдромдар мен факторларды талдауға және оның алдын алуға арналады. Зерттеу мақсаты: педагогтің кәсіби деформациялану белгілерінің пайда болуын ескертетін шарт ретінде педагогикалық ұжымның ұйымдастырушылық мәдениетін жетілдіру бағыттарын анықтау. Мақсатты іріктеу: 1 жылдан астам педагогикалық өтілі бар 114 респондент. Қолданылды: қайнар көздерді салыстырмалы-салғастырылмалы талдау әдісі, К. Маслач пен С. Джексонның психикалық күйіну деңгейін анықтау әдісі, эмоционалдық күйіп кету синдромының дамуына ұйымдастырушылық (сыртқы) факторлардың әсерін зерттеуге арналған сауалнама. Зерттеу аталған құбылыстың кейбір жағдайларда анық байқалғанына қарамастан педагогтердің кәсіби деформациялануының орташа деңгейін көрсетті. Мұғалімдермен жүргізілген сауалнама сұралғандардың 60 %-ның жұмыс күні аяқталған соң күш-қуатты орнына келтіру үшін толыққанды демалуға мүмкіндіктері жоқ екендігін атап өтті.  Зерттеу авторлары қазақстандық мектептің қазіргі модернизациялану жағдайындағы институционалды «иммунитеттің» қалыптасуына, педагогикалық сала қызметкерлерінің физикалық және моральдық күшінің сарқылуына ықпал ететін ұсыныстар береді. Қолданыста бар бұл мәселелерді қазіргі ғылым мен практикада жасалып жатқан басқарудың заманауи парадигмаларына сүйене отырып шешуге болады. Түйін сөздер: педагогтердің кәсіби күйіп кетуі, білім беруді модернизациялау, мекеменің ұйымдастырушылық мәдениеті.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические исследования