Жоғары оқу орындарындағы биологиялық пәндердің оқу үрдісінде Блум таксономиясын қолдану
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2020.v62.i1.16Аңдатпа
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жоғары білім бұрын-соңды болмаған өзгеріс кезеңін бастан кешуде. Бұл өзгерістердің негізгі қозғаушы күші білім беру процесіне инновациялық технологиялардың әсері екені анық. Оқытушылар мен ғалымдар дәстүрлі оқыту формалары ескірген деп санайды, сондықтан студенттердің назарын аудару үшін оқытудың инновациялық технологияларын енгізу қажет. Бүгінгі таңда көптеген жоғары оқу орындары оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолдануға көшуде. Инновациялық технологиялардың бірнеше артықшылықтары бар: белсенді оқуды ынталандыру; жылдам кері байланыс беру; оқытушылар мен студенттер арасында байланыс орнату; студенттер арасында «дәстүрлі емес» ойлауды қалыптастыру; студенттердің ынтымақтастығын көтермелеу; әртүрлі оқыту әдістерін қолдайды. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, инновациялық технологиялар ескі «үйрету және үйрену» парадигмасын түбегейлі өзгерткенін түсінуге болады. Оқытудың жаңа мысалында оқушының рөлі мұғалімдерден гөрі маңызды. Инновациялық технологиялардың басты мақсаты – адамды үнемі өзгеріп отыратын және дамып келе жатқан қоғамдағы өмірге дайындау. Бұл мақалада «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнін оқытудағы Блум таксономиясы – инновациялық технология қарастырылады. Өткізілген семинар сабағының талдауы және Блум таксономиясына сәйкес теориялық материалдар ұсынылған, онда тапсырмалар 6 деңгейге жіктелген: бірінші деңгей – «Білім», екінші деңгей – «Түсіну», үшінші деңгей – «Қолдану», төртінші деңгей – «Талдау», бесінші деңгей – «Синтез», алтыншы деңгей – «Бағалау». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында студенттер арасында инновациялық технологияларына қарымқатынасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, оның респонденттердің 24%-ы Блум таксономиясына үлкен қызығушылық танытты. Блум таксономиясының әр деңгейі алдыңғы деңгейлер негізінде құрылғанын атап өту үшін осы инновациялық технологияның моделі жасалды. Түйін сөздер: оқу процесі, инновациялық технология, Блум таксономиясы, бағалау критерийлері, талдау, оқыту әдістері.








