Қонақжайлылық және туризм маркетингі саласындағы ғылыми-бағдарланған оқыту: сын тұрғысынан пайымдау және іс-тәжірибе

Авторлар

  • A Kenebayeva Research Institute for Social and Gender Studies

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v64.i3.01

Аңдатпа

Мақалада бизнес-пәндерді оқытуда зерттеушілік тұрғыларды және зерттеушілік оқуды ендіру сын тұрғысынан пайымдалған. Университеттегі қызметкерлер мен студенттер арасында зерттеушілік мәдениетті дамыту мен оның іс-тәжірибелік және әлеуметтік маңыздылығын арттыру жақсы дамыған заманауи университеттердің басты компоненті болып табылады. Зерттеуге бағытталған оқыту стратегиялары зерттеушілік университеттер үшін ғана маңызды емес, олар сол сияқты Қазақстандағы бизнес-университеттер үшін де аса маңызды болып саналады. Аталған мақала бизнес-пәндерді оқытуда ғылыми-бағдарланған стратегияларды қолданудың кәсіби тәжірибесі туралы сыни ойлауды қамтиды және жоғары оқу орындарында жаңа тұрғылар мен оқыту әдістемесін ендіру үдерісін сипаттайды. Мақалада ғылыми-бағдарланған құзыреттілік тұрғыларды қолдану үдерісінде студенттердің кәсіби дамуы мен академиялық жетістіктерін «Қызмет көрсету маркетингі» курсы мысалында ұзақ бақылаудың нәтижелері ұсынылады. Бақылау нәтижелері және сандық мәліметтер пәнді оқытудағы 3-жылдық мерзім аралығында жинақталған. Үлгерімнің салыстырмалы талдауы шынайы зерттеуге негізделген ғылыми-бағдарланған тапсырмалар үшін алынған орташа бағалардың дәстүрлі форматтағы бағаларға қарағанда төмен екендігін көрсетті, сондай-ақ студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларының ғылыми-бағдарланған оқыту нәтижесінде біршама дамығанын да байқатты. Зерттеу дидактикаға үлес қосады, жоғары білім берудің дәстүрлі оқытудан зерттеушілік жүйеге өту жағдайын сипаттайды және Қазақстандағы жоғары білім берудің әдіснамалық мәселелерінен көрініс беріп, оқытуға теориялық-контекстік үлес қосады. Түйін сөздер: ғылыми бағдарланған оқыту, зерттеу әдістемесі, құзіреттілікке негізделген оқыту, қонақжайлылық және туризм.

Жарияланды

2020-11-19

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические проблемы профессиональной подготовки специалистов.