«ДЕПРЕССИЯЛЫҚ КҮЙДІ БАҒАЛАУ САУАЛНАМАСЫНЫҢ» (IDS) ҚАЗАҚ ТІЛДІ НҰСҚАСЫН ҚОЛДАНЫП УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ДЕПРЕССИЯЛЫҚ КҮЙІН ЗЕРТТЕУ
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2020.v64.i3.04Аңдатпа
«Депрессиялық күйді бағалау» (Inventory of Depressive symptoms, Rush, 1996) сауалнамасы депрессияны анықтауға және бағалауға арналған клиникалық практикада және ғылыми зерттеуде кеңінен қолданылатын әдіс. Бұл мақаланың мақсаты «Депрессиялық күйді бағалау» сауалнамасының жергілікті популяцияға бейімделген және валидизацияланған қазақ тілді нұсқасының нәтижелерін ұсыну және депрессиялық күйлерді психофизиологиялық зерттеуде одан әрі пайдалану болып табылады. Сауалнама сыналушылардың психикалық жағдайын өзіндік бағалауға негізделген 30 сұрақтан тұрады. Зерттеуге 504 ерікті сыналушы қатысты, оның көпшілігі Алматы қаласының университет студенттері, сонымен қатар жергілікті халықтың ерікті тұрғындары мен Алматы қ. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының пациенттері болды (оның ішінде 185 ер адам және 319 әйел адам) қатысты. Таңдау тобына алу критерийі сыналушының орта мектепті қазақ тілінде бітіргеніне байланысты болды. Ғылыми зерттеуді жүргізу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің локалды этикалық комитетінен рұқсат алынды. IBM SPSS21 бағдарламасында сауалнаманың әрбір шкаласы бойынша альфаКронбах коэффициенті есептеуімен статистикалық талдау жасалынды. Зерттеуден алынған нәтижелер қазақ тіліндегі «Депрессиялық күйді бағалау» сауалнамасының ішкі сәйкестігін білдіретін альфа-Кронбахтың сенімді мәнін көрсетті және алынған нәтижелерді ағымдағы зерттеуде қолдануға мүмкіндік берді. Сауалнаманы жоғары оқу орнының студенттерінің депрессиялық күйін зерттеу үшін қолдануға болады. Түйін сөздер: эмоция, депрессия, альфа-Кронбах, сауалнама.








