ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ

Авторлар

  • L Mazhitova Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
  • G Nauryzbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0002-0469-819X

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2020.v65.i4.09

Аңдатпа

Бакалавриат жүйесіндегі білім беру заманауи талаптарға, өмір талабына және білім мазмұнына, оның ішінде білім беру технологиясына сәйкес болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл қазіргі кезде оқу нәтижелері мен тәжірибенің қазіргі заманғы талаптары арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған құзіреттерді қалыптастыру қажеттілігі тұрғысынан өте маңызды. Осыған байланысты жеке тұлғалардың білім беру процесіне қатысуына бағытталған және болашақ мамандардың қоғамға араласуына ықпал ететін оқыту технологиялары қажет. Бұл жұмыста біздің күш-жігеріміз техникалық университеттің білім беру процесінде студент пен білім беру ортасы – инфосфераның өзара бейімделуіне жағдай жасауға және енгізуге бағытталған. Оқу ортасын белгілі бір пән мазмұнымен толтыру – оқытушылардың алға қойған негізгі де маңызды міндеттерінің бірі. Бұл жұмыста біз техникалық құзіреттерді қалыптастыратын оқу процесі мен әдістемелік жүйенің сапалық аспектілерін талдаймыз. Біз аралық бақылаудың дамыған жүйесін педагогикалық бақылаудың бір бөлігі ретінде ұсынамыз. Қорытынды бақылауды тапсыру нәтижелерін талдау болашақ маманның техникалық құзыреттерін қалыптастыру үшін ақпараттық оқыту ортасын пайдалану есебінен студенттердің білім деңгейі жоғарылағанын көрсетті. Біздің зерттеуіміз аралық бақылау білім беру сапасын жоғарылатудың тиімді құралы екенін, әсіресе студенттің өзіндік жұмысына баса назар аудару қажеттілігін көрсетеді.

Түйін сөздер: инфосфера, техникалық құзіреттер, бакалавр, аралық бақылау, университеттік білім.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Оценка и измерение в образовании: отечественный и зарубежный опыт

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары