Инклюзивті қашықтықтан білім беруде бағдарламалық қолдауды әзірлеу

Авторлар

  • A Krykbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-9426-9339
  • L Rakhimzhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы http://orcid.org/0000-0002-9426-9339

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.13
        136 79

Аннотация

Коронавирусқа қатысты жағдай мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын ұйымдастырудағы мәжбүрлі шара қашықтықтан оқыту болып табылатынын көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың арнайы (бейімделген) білім беру бағдарламалары мен оқыту және тәрбиелеу әдістерін, сондай-ақ оларды бағдарламалық қолдауды пайдаланбай білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін емес. Бұл мақалада қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, психикалық дамуы тежелген оқушылардың білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері қарастырылады, сонымен қатар мектептің негізгі білім беру бағдарламасы аясында «InclusiveEdu – информатика 7» бағдарламалық жасақтамасын құру тәжірибесі сипатталған. Барынша қолжетімді және тиімді білім беру кеңістігі ұсынылады, оны ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі және осы білім беру кеңістігіне білім беру қатынастарының барлық қатысушылары: білім алушылар, олардың ата-аналары (заңды өкілдері), педагогтар, көмекші бейіннің мамандары қосыла алады. Психикалық дамуы тежелген балалар оқығаннан гөрі ақпаратты көбірек қарап, тыңдағысы келетіні анықталды, сондықтан әзірленген бағдарламалық өнімде маңызды ақпаратты тыңдауға мүмкіндік бар. Әзірленген бағдарламалық жасақтаманың тиімділігін тексеру үшін Алматы қаласының төрт мектебінде қашықтықтан оқыту жағдайында педагогикалық эксперимент жүргізілді, онда ұсынылған оқыту әдістемесінің пайдасына оң нәтижелер алынды.

Түйін сөздер: онлайн білім беру, инклюзивті білім беру, инклюзивті онлайн білім беру, бағдарламалық жасақтама, мүмкіндігі шектеулі, психикалық дамуы тежелген, арнайы білім беру бағдарламалары, ерекше білім беру қажеттіліктері.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-10-14

Шығарылым

Бөлім

Инклюзивті білім беру