Жоғары оқу орындарында химияны оқытуда жасанды интеллектті қолдануды зерттеу: жүйелі талдау және студенттер көзқарасы

Авторлар

  • Л. Бауыржан Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0006-8572-5482
  • А. Жылысбаева Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9114-7582

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258324
        319 155

Аннотация

Мақалада технологиялардың дамуы және цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділікті арттырудың, оқытудың сапасын арттыруға және химияны оқыту кезінде дәстүрлі педагогикалық тәсілдерді өзгертуге әсері қаралады. Химияны оқыту процесіне жасанды интеллект (ЖИ) интеграциясы оқытуды дербестендіру, студенттердің мотивациясын арттыру және олардың талдамалық және зерттеу дағдыларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. ЖИ технологиялары оқу материалын тиімді бейімдеуге, практикалық міндеттерді шешуді оңтайландыруға мүмкіндік береді және пәннің мазмұнын неғұрлым терең меңгеруді қамтамасыз етеді.Мақала жоғары оқу орындарында химияны оқытуда ЖИ қолдану бойынша жүйелі талдауға арналған. Білім беру ортасына ЖИ интеграциясының негізгі аспектілері қаралған, оның артықшылықтары мен мүмкін болған кемшіліктері анықталды. Тақырып бойынша ғылыми әдебиетті жүйелі талдау Scopus және Google Scholar дерекқорларында мамандандырылған кілт сөздерді пайдалана отырып жүргізілді, бұл білім беру саласында жасанды интеллектті қолданудың өзекті үдерістері мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеудің эмпирикалық бөлігін Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі жетекші үш университеттің 194 студенті химияны зерттеу процесінде ЖИ қолдану тәжірибесі мен қабылдауын зерттеуге бағытталған сауалнама нәтижелері құрады. Алынған деректер химияны оқытуда ЖИ құралдардың кең таралғанын көрсетеді және олардың оқу процесіне мақсатты және педагогикалық негізделген интеграциясы жағдайында олардың жоғары әлеуетін растайды.

Түйін сөздер: химияны оқыту, жасанды интеллект (ЖИ), машиналық оқыту, нейро жүйе, ChatGPT, заманауи оқыту құралдары, жасанды интеллект интеграциясы.

Авторлардың биографиясы

Л. Бауыржан, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

докторант, e-mail: laurarahymjan@gmail.com

А. Жылысбаева , Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

химия ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, e-mail: zhylysbayeva.akkongyr@okmpu.kz

Жүктелулер

Как цитировать

Бауыржан L., & Жылысбаева A. . (2025). Жоғары оқу орындарында химияны оқытуда жасанды интеллектті қолдануды зерттеу: жүйелі талдау және студенттер көзқарасы. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 83(2), 39–51. https://doi.org/10.26577/JES20258324

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру