Академиялық жазылым курсын студенттерден сауалнама алу арқылы бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES883202613

Аңдатпа

Мақалада академиялық жазылым курсының білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін қажетті маңызды дағдыны қалыптастыруда басты пән екені айтылған. Зерттеушілер академиялық жазылым пәнінің Қазақстанда жүйелі түрде өткізілмеуі қазіргі таңда үлкен мәселеге айналғанына тоқталады. Сонымен қатар, аталмыш пән тек докторантура Білім беру бағдарламасында ғана қамтылғаны сипатталған. Зерттеудің мақсаты «Академиялық жазылымның теориясы мен практикасы» курсының тиімділігін бағалау және студенттерден кері байланысын сенімді тексеру әдісін анықтау.  Авторлар зерттеу барысында  білім алушылардың курс материалын түсінуін, ақпаратты қолдануын және жеке оқу үдерісін бағалау үшін студенттерден алынған сауалнама жауаптарына талдау жасаған. Зерттеуде сандық талдау бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнама Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушыларынан алынды. Сауалнама нәтижелерін талдауда SPSS 26 нұсқасы пайдаланылды. Зерттеудің методологиялық құндылығы болашақ зерттеушілердің курс аяғында студенттерден кері байланыс алуда тек сандық әдіспен шектелмей сапалық әдістерді қоса қолданғанда ғана сенімді зерттеу әдісі құралын таңдау қажеттілігімен айқындалады. Мақала авторлары талқылауда курстың мазмұнын өлшеу кезінде студенттерге жүргізілген сауалнаманың артықшылықтарына тоқталды. Студенттердің сауалнамасы әлемдегі курс мазмұнын өлшеудің ең кең тараған құралы болып саналады. Авторлар сауалнаманы сапалы әдістермен үйлестіру зерттеушілерге оқыту әдістемесінің тиімді жұмыс істеуі мен курсты жүзеге асырудың жан-жақты перспективаларын алуға мүмкіндік береді деген қорытындыға келген.

Түйін сөздер: Академиялық жазылым, зерттеу құзыреттіліктері және жазу қабілеттері, академиялық жазылым стратегиялары, жоғары білім, студенттердің сауалнамасы, посткеңестік Қазақстан.

Автор өмірбаяндары

  • Э. Ибрагимова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
    Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ-ның докторанты(Қызылорда, Қазақстан, e-mail: ibragimova_elmira@mail.ru).
  • Ж. Сүлейменова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі » кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Алматы қаласы, Қазақстан, e-mail:zharkyn123@mail.ru).

  • А. Алмаутова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
    Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ-ның қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к.( Қазақстан, Қызылорда,  e-mail: almauytova73@mail.ru).
  • Н. Хегай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

    Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Шетел тілдері және аударма БББ аға оқытушысы, г.ғ.м. (Қызылорда, Қазақстан, e-mail:sanakim@inbox.ru).

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары