Қазақ халық ертегілері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеу ерекшеліктерін анықтау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES883202612

Аңдатпа

Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеуін дамыту олардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың жағдайында сөздік қордың жеткіліксіздігі, сөйлем құраудағы қиындықтар, сұраққа жауап беру және өз ойын еркін жеткізу дағдыларының шектеулілігі диалогтік қарым-қатынастың қалыптасуына кедергі келтіреді. Осы тұрғыдан қазақ халық ертегілерінің мазмұндық, тілдік және тәрбиелік мүмкіндіктерін түзете-дамыту жұмысында пайдалану ерекше маңызға ие. Зерттеудің мақсаты – қазақ халық ертегілері арқылы балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуға қатысты логопедтер, тәрбиешілер және арнайы педагогтердің тәжірибесін, көзқарасын, қолданатын әдістерін, кездесетін қиындықтары мен әдістемелік қажеттіліктерін анықтау. Зерттеу Шымкент қаласындағы №32 «Еркін» мемлекеттік арнаулы балабақшасында жүргізілді. Сауалнамаға 37 маман қатысып, оларға 10 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды. Зерттеу барысында сауалнама нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жасалды. Нәтижелер мамандардың қазақ халық ертегілерін диалогтік сөйлеуді дамытуда мәнерлеп оқу, мазмұнын талқылау, рөлдік ойындар ұйымдастыру, көрнекілік пайдалану және кейіпкерлер арасында диалог құру арқылы қолданатынын көрсетті. Респонденттердің 32,43%-ы ертегі кейіпкерлерімен диалог құруды диалогтік сөйлеуді дамытудың маңызды бағыты ретінде көрсетті. Мамандардың 32,43%-ы ертегілердің сөздік қорды кеңейтуге, 32,43%-ы тыңдау–түсіну дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар респонденттердің 40,54%-ы қажетті материалдардың жеткіліксіздігін негізгі қиындық ретінде көрсетсе, 51,35%-ы қазақ тіліндегі әдістемелік ресурстардың деңгейін төмен деп бағалады. Алынған нәтижелер қазақ халық ертегілерін балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуда жүйелі қолдануға мүмкіндік беретін қазақ тіліндегі бейімделген мәтіндер, көрнекі және мультимедиялық материалдар мен арнайы әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу қажеттігін айқындады.

Түйін сөздер: қазақ халық ертегілері, диалогтік сөйлеу, мектеп жасына дейінгі балалар, логопед, тәрбиеші, арнайы педагог, сауалнама.

 

Автор өмірбаяндары

  • А. Сакулова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    PhD докторанты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: sakulovaakbope3@gmail.com)

  • Г. Танабаева, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті( Шымкент, Қазақстан; e-mail: gulmira.tanabayeva.84@mail.ru)

Жарияланды

2026-09-20