Студент жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс аясында толеранттылықты қалыптастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES88320266

Аңдатпа

Мақала әлеуметтік-педагогикалық жұмыс контекстінде студент жастардың толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздерін талдауға арналған. Толеранттылық ұғымында теориялық көзқарастар қарастырылады, жастар арасында оның қалыптасуына әсер ететін факторлар анықталады,    сондай-ақ студенттік ортада тұрақты толерантты көзқарастарды қалыптастыруға ықпал ететін педагогикалық технологиялар ұсынылады. Білім беру ұйымдарында тұлғаралық және мәдениаралық өзара әрекет мәдениетін дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізудің қажеттілігі негізделеді. Мақалада жастардың толеранттылығын қалыптастыру мәселесінің өзектігі мен ғылыми-тәжірибелік маңызы дәлелденеді. Бұл мәселе отандық әлеуметтік педагогиканың басым бағыттарының бірі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды құрамы және педагогтың кәсіби құзыреттіліктерін меңгеру шарты болып табылады. Жастардың толеранттылығын қалыптастыру үшін әлеуметтік педагогиқа педагогикалық технологиялар мен жеке әдістемелерді оңтайлы және тиімді таңдауына мүмкіндік беретін педагогикалық жағдайлар анықталып, теориялық тұрғыдан негізделген. Оларға педагогикалық технологияларды жүзеге асыру орны мен формасы, енгізу уақыттық параметрлері, сондай-ақ маманның кәсіби қасиеттері, құзыреттері мен жеке қабілеттері кіреді. Авторлар білім беру ұйымы жағдайында студент жастардың толеранттылығын қалыптастыру процесінде әлеуметтік педагогтың кәсіби құзыреттілігінің деңгейлеріне сипаттама береді. Педагогтің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігі анықталған, ол студенттермен репродуктивті-педагогикалық өзара әрекеттестен кәсіби-бейімдеу және кәсіби-шығармашылық қызметке өтуге негізделген, бұл әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдаудың аясында жүзеге асырылады. Практикалық зерттеу екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде зерттеуге 20 студент қатысты. Екінші кезеңде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 131 студентінің қатысуымен қалыптастырушы эксперимент жүргізілді.

Түйін сөздер: толеранттылық, инновациялық технологиялар, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, студент жастар, мәдениаралық құзырет.

 

Автор өмірбаяндары

  • И. Юсупова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Білім берудегі теория және практика кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: yusupova.indira67@ mail.ru).

  • K. Ахатаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Білім берудегі теория және практика кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан,e-mail:kaliya.axataeva@bk.ru ).

  • М. Садыкова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кагдидаты, Білім берудегі теория және практика кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: makhasad63@gmail.com).

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер