Білім берудің цифрлық трансформациялануындағы кәсіби даму және педагогтердің цифрлық сауаттылығы

Авторлар

  • А. Мәулет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан https://orcid.org/0009-0000-9145-9455
  • А. Масимбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3150-7838

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES2025854

Аңдатпа

Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы цифрлық сауаттылық қазіргі білім беру кеңістігінде маңызды рөл атқарады. Мақалада педагогикалық үдерістегі білім берудің цифрлық трансформациясы, педагогтің кәсіби өсуіндегі инновациялық мүмкіндіктер талданады. Мақалада мұғалімдердің кәсіби өзін-өзі дамыту, ақпараттық және кәсіби дағдыларды дамыту мәселелеріне: педагогикалық менеджмент негізінде оқытуды басқару қабілеттері, интерактивті оқу ресурстарын құру дағдылары, ашықтық, мобильді типтегі мультимедиялық мазмұн формалары, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері, оқу нәтижелерін тексерудің жаңа педагогикалық әдістері, онлайн сабақтарды ұйымдастыру, білім беру процесінде синхронды және асинхронды өзара әрекеттесуді жүзеге асыру, білім алушылармен кері байланыс орнатуына  назар аударылады. Зерттеу әдістері: әдебиеттерді талдау, сауалнама, Т. Д. Дубовицкаяның " студенттердің кәсіби бағдарлану деңгейін диагностикалау" тесі, т. б. әдістер. Зерттеудің эмпирикалық бөлімінде 90 мектеп мұғалімдері мен педагогикалық мамандықтар студенттеріне сауалнама жүргізілді.

Тәжірибелік-зерттеу жұмысының нәтижесінде цифрлық трансформация жағдайында педагогтердің кәсіби дамуындағы инновациялық мүмкіндіктерін сынақтан өткізу жөніндегі  бағыттар айқындалды.

Түйін сөздер: білім беру, цифрлық трансформациялану, цифрлық сауаттылық, педагог, цифрлық білім беру ресурстары, кәсіби даму, интерактивті оқу ресурстары.

 

 

Автор өмірбаяндары

  • А. Мәулет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

    PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы, Қазақстан, е-mail: ars44jez@mail.ru)

  • А. Масимбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

    «8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы , Қазақстан, e-mail: masimbaeva72@mail.ru)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Электронное обучение и дистанционное образование

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары