STEM білім беру жағдайында математика сабағында цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JES86120267

Аңдатпа

Бұл зерттеуде STEM тәсілін математика сабағында цифрлық технологиялармен кіріктіре қолданудың тиімділігі қарастырылды. Эксперимент Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушылары арасында жүргізілді. Эксперименттік топта сабақтар PhET Simulation, GeoGebra, Desmos және Excel сияқты цифрлық құралдарды қолдану арқылы ұйымдастырылды, ал бақылау тобында дәстүрлі әдіс пайдаланылды. Зерттеу барысында оқушыларға пәнаралық тапсырмалар ұсынылды: көлбеу жоғары лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу және қозғалыс теңдеулерін графикалық модельдеу. Теориялық модельдеу, тәжірибелік симуляциялар және графикалық талдау нәтижелері толық сәйкестік көрсетіп, STEM тәсілінің тиімділігін дәлелдеді.

Алынған деректер сандық және сапалық әдістермен талданды. Нәтижелер STEM тәсілін цифрлық технологиялармен үйлестіре қолдану оқушылардың академиялық жетістігін орта есеппен 15–16%-ға арттыратынын көрсетті (p < 0,05). Сонымен қатар, оқушылардың зерттеушілік қабілеттері, модельдеу және деректерді талдау дағдылары, коммуникативтік құзыреттері айтарлықтай дамыды. Зерттеу нәтижелері STEM тәсілінің дәстүрлі оқытуға қарағанда білім сапасын арттыруда, оқушылардың пәнге қызығушылығын күшейтуде және цифрлық құзыреттілігін дамытуда анағұрлым тиімді екенін растайды.

Түйін сөздер:  STEM білім беру, математиканы оқыту, цифрлық технология, виртуалды зертхана, графикалық модельдеу, зерттеушілік дағдылар.

Автор өмірбаяндары

  • А. Әбілқасымова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  педагогикалық білім беруді дамыту Орталығының директоры, математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан, e-mail: aabylkassymova@mail.ru)

  • Н. Жұмабай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті математика, физика және информатиканы оқыту кафедрасының оқытушысы (Алматы, Қазақстан,e-mail: nurman-0906@mail.ru)

  • А. Умиралханов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті докторанты  ( Алматы, Қазақстан, e-mail: azik75292@gmail.com)

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Электронное обучение и дистанционное образование

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары