Мектепалды топ балаларының шығармашылық дағдыларын дамытудағы нейропедагогикалық интервенциялардың тиімділігі

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES87220263

Аңдатпа

Зерттеу жұмысында мектепке дейінгі ұйымның мектепалды топ балаларының шығармашылық дағдыларын дамытуда нейропедагогикалық интервенциялардың тиімділігі кешенді түрде қарастырылған. Зерттеу мақсаты – когнитивтік, моторлық, эмоциялық-әлеуметтік және көркемдікбейнелеу компоненттерін қамтитын нейропедагогикалық әдістердің мектепке дейінгі 5 жастағы балалардың шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпалын ғылыми негізде анықтау. Зерттеу нейропедагогикалық интервенциялардың теориялық және практикалық тұрғыда классикалық және заманауи ғылыми еңбектердің өзара сабақтастығы арқылы айқындайды. Классикалық ғылыми тұжырымдар мен қазіргі нейроғылымның интеграциясы мектепалды топ балаларының шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған интервенциялардың теориялық-әдістемелік негізін құрайды. Эксперименттік жұмыс 12 ай бойы жүргізіліп, бақылау және эксперименттік топтар арқылы жүзеге асырылған. Интервенциялық бағдарламаға ми гимнастикасы, ритмдіккоординациялық жаттығулар, нейрографика, арт-терапиялық тапсырмалар, эмоцияларды тануға арналған әлеуметтік-эмоциялық әдістер және дивергенттік ойлауды дамытуға арналған когнитивтік тапсырмаларын қамтиды. Зерттеу нәтижелерінде нейропедагогикалық интервенциялар балалардың зейін шоғырландыруын, есте сақтауын, бейнелі ойлауын, қимыл үйлесімін, эмоцияны тану және реттеу қабілеттерін, сондай-ақ шығармашылық бейнелеу дағдыларын сапалы жақсарғаны анық көрініс тапқан. Эксперименттік топтағы даму динамикасы бақылау тобына қарағанда барлық компоненттер бойынша анағұрлым жоғары: когнитивтік (+12%), моторлық (+12%), эмоциялықәлеуметтік (+13%) және көркемдік-бейнелеу дағдылары (+17%). Cohen’s d көрсеткіші интервенцияның күшті әсерін (1.80) дәлелдеп, қолданылған әдістердің ғылыми-тәжірибелік маңызы айқындалған. Авторлар зерттеуде нейропедагогикалық интервенцияларды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне жүйелі енгізу баланың шығармашылық дағдысын дамытуда маңызды рөл атқаратынын ғылыми негіздей алған. Интервенциялар баланың ми қызметін белсендіру, жарты шарлар арасындағы интеграцияны күшейту, эмоциялық өзін-өзі реттеуді жетілдіру және бейнелі шығармашылықты ынталандыру арқылы көпқырлы дамуға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінен нейропедагогикалық әдіс-тәсілдер мен құралдарын мектепке дейінгі ұйымдардың, мектепалды топ балаларымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жүйелі ендіру когнитивтік, моторлық, эмоционалдық-әлеуметтік, көркемдік бейнелеу қабілеттерін ашып, шығармашылық дағдыларының дамуын қолдайтын тиімді модель болатынын көруге болады.                                                     Түйін сөздер: нейропедагогикалық интервенциялар, шығармашылық дағды, баланы дамытушы қабілеттер қабілеттер. 

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Шажабаева, Abai Kazakh National Pedagogical University

    докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: janar.04@mail.ru) 

  • А. Алимбекова, Abai Kazakh National Pedagogical University

    Философия докторы (PhD), қауым. профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: aaalimbekova66@gmail.com) 

  • А. Булшекбаева, Abai Kazakh National Pedagogical University

    Философия докторы (PhD), қауым. профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: bulshekbaeva@mail.ru) 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические исследования