Инклюзивті ағылшын тілі сыныптарында сараланған оқыту: жүйелі шолуларға шолу (umbrella review)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES87220269

Аңдатпа

Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың дайындық деңгейі, қабілеттері және оқу ерекшеліктері әртүрлі болғандықтан, икемді және бейімделген оқыту тәсілдерін қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл мақала инклюзивті ағылшын тілі сыныптарындағы саралап оқытудың тиімділігіне арналған жүйелі зерттеулер мен мета-талдаулардың нәтижелерін жинақтауға бағытталған. Зерттеудің мақсаты – мазмұн, үдеріс, өнім және оқу ортасы бойынша сараланған оқытудың инклюзивті ағылшын тілі сыныптарындағы оқушылардың оқу нәтижелеріне әсерін анықтау. Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу PRISMA нұсқаулары мен Joanna Briggs Institute (JBI) әдістемесіне сәйкес жүргізілген жүйелі шолуларға шолу тәсіліне негізделген. Scopus, Web of Science, ERIC және Google Scholar дерекқорларынан алынған жүйелі шолулар мен мета-талдаулар талданып, әдіснамалық сапасы бағаланды. Зерттеу нәтижелері сараланған оқытудың оқушылардың грамматика, оқу, сөйлеу және жазу дағдыларын дамытуға, сондайақ олардың мотивациясын, сабаққа қатысуын және әлеуметтік бейімделуін арттыруға оң әсер ететінін көрсетті. Әсіресе мазмұн мен үдеріс бойынша саралау стратегияларының тиімділігі айқын байқалды. Зерттеудің құндылығы – инклюзивті ағылшын тілі сыныптарында тиімді саралау стратегияларын анықтауда. Алынған нәтижелер мұғалімдерге, оқу бағдарламаларын әзірлеушілерге және білім беру саясатын қалыптастыратын мамандарға инклюзивті және білім алушыға бағытталған ағылшын тілін оқытуды жетілдіруде практикалық маңызға ие.

Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, сараланған оқыту, ағылшын тілін оқыту, шолуды шолу, жүйелі шолу. 

Автор өмірбаяндары

  • Э. Джансеркеева, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

    докторант, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: eldana-ereke@mail.ru) 

  • Г. Ерсултанова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    PhD доктор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің постдокторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: gyersultanova@gmail.com) 

  • Р. Садыкова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: rsadykova516@gmail.com) 

Жарияланды

2026-06-20

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары