Кеңестік және қазіргі кезеңдегі оқушылардың дене дайындығы мен дене даму динамикасын анықтайтын факторлар
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES87220264Аңдатпа
Мақалада Кеңес Одағы ыдырағанға дейінгі кезеңде және қазіргі уақытта 9-сынып оқушыларының дене бітімі мен дене дамуының дайындығын талдау нәтижелері келтірілген. Зерттеудің мақсаты зерттелетін кезеңдегі 9-сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері мен дене дайындығын, оларды анықтайтын факторларды, оларды жетілдіру жолдарын ұсынуға бағытталған. Зерттеу бағыттары 9-сынып оқушыларының дене дамуы мен дене бітімінің дайындығы деңгейінің ерекшелігін анықтау болды; дене шынықтыру мұғалімдерінің оқушылардың дене бітімінің жетілу белгілерінің динамикасына қатысты пікірлері; зерттелетін белгілер арасындағы корреляциялық байланыстың мәлімдемелері; 9-сынып оқушыларының дене дамуы мен дене дайындығын жетілдіру. Алынған нәтижелер дене дамуының динамикасын және оқушылардың дене дайындығын сипаттайтын факторлар туралы теориялық идеяларды жетілдіреді. Ал практикалық нәтижелер дене жетілудің осы белгілерін дамытуды жүзеге асырудың әдістемелік тәсілдерін ұсынады.Зерттеуге Ақтөбе қаласының 40 педагог дене тәрбиесі және 9-сынып 300 оқушысы қатысты. Қазіргі мектеп оқушылары кеңес одағы ыдырағанға дейін дене дайындық параметрлерінде өз құрдастарынан төмен екендігі анықталды. Бұл көбінесе оқушылардың жылдамдық пен күшжылдамдық қабілеттерін сипаттайтын көрсеткіштерге қатысты болды. Қазіргі мектеп оқушыларының ұзындығы мен дене салмағы кеңес одағы ыдырағанға дейінгі құрдастарына қарағанда жоғары екендігі анықталды. Сонымен қатар қазіргі мектеп оқушыларының функционалдық мүмкіндіктері төмендеді.
Түйін сөздер: оқушылар, дене дайындығы, дене дамуы, динамика, корреляциялық талдау, факторлар.








