Тұрақты даму идеялары негізінде оқушылардың химия бойынша ғылыми жобалау құзыреттілігін дамытудың әдістемелік жүйесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES883202616

Аңдатпа

Мақалада тұрақты даму тұжырымдамасы аясында химияны оқытуда білім алушылардың ғылыми-жобалық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылады. Авторлар химия сабақтарында экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған жобалау әдістемесінің тұтас құрылымдық үлгісін ұсынады. Тұжырымдалған модель білім алушылардың ізденіс пен жобалау әрекеттерін тоғыстыра отырып, алған теориялық дағдыларын іс жүзінде қолдануына жол ашады.Зерттеу барысында теориялық шолу, білім беру үдерісін модельдеу, сауалнама алу, бақылау және педагогикалық тәжірибелік тексеру әдістері пайдаланылды. Теориялық талдау негізінде тұрақты даму мен ғылыми-жобалау құзыреттіліктерінің қазіргі білім беру парадигмасындағы орны айқындалды. Әлеуметтанулық сауалнама қорытындылары жобалық тапсырмаларды орындауда білім алушылардың креативті ойлауын, сыни сараптама жасауын, ақпаратты жүйелеу мен байлам жасау қабілеттерін шыңдайтынын көрсетті. Эксперимент нәтижесі ұсынылған дидактикалық модельдің тиімділігін айқындады: тұрақты даму қағидаттары енгізілген сабақтар оқушылардың зерттеушілік әлеуетін айтарлықтай өсірді. Экспериментке 48 оқушы қатысты. Ұсынылып отырған әдістемелік жүйе білім беру мазмұнын жаңғыртуға, оқушылардың ғылыми ізденісін жандандыруға және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған тиімді құрал болып табылады. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бұл жүйенің білім алушылардың зерттеушілік шеберлігін арттырудағы әрі химиялық процестердің табиғатқа тигізетін әсерін терең ұғынуындағы жоғары нәтижелілігін дәлелдейді. Аталған зерттеу білім беру үдерісіне тұрақты даму ұстанымдарын ықпалдастырудың педагогикалық әлеуетін ашып, химияны оқыту сапасын көтеруге өзіндік үлес қосады.                                                  Түйін сөздер: тұрақты даму, химияны оқыту әдістемесі, ғылыми жобалау құзыреттілігі, жобалық әдіс, жасыл химия, пәнаралық байланыс. 

Автор өмірбаяндары

  • А. Актаева, СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

    С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, ІT және жаратылыстану Ғылымдары жоғары мектебі, Химия кафедрасының 8D01504 «Химия» білім БББ 1 курс докторанты, (Өскемен, Қазақстан аіnur-а-s@mаіl.ru) 

  • З. Даутова, СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

    "С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КЕАҚ, ІT және жаратылыстану Ғылымдары жоғары мектебі, п.ғ.к., химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Өскемен, Қазақстан dаutоwа@mаіl.ru ) 

  • Б. Шаихова, СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

    «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, ІT және жаратылыстану Ғылымдары жоғары мектебі, п.ғ.к., химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Өскемен, Қазақстан Республикасы) 

  • Б. Тантыбаева, СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

    «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, ІT және жаратылыстану Ғылымдары жоғары мектебі п.ғ.к., химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры ( Өскемен, Қазақстан) 

  • С. Ахатова, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

    Магистр, аға оқытушы, Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, (Арқалық қ., , Қазақстан symbаt_аkhаtоvа@mаіl.ru ) 

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы